Әдебиет • 26 Наурыз, 2021
1. «Ол байғұс өлген шығар, өлмесе бір жерде мұғалім боп жүрген шығар». Ескі жұрттан қалған тәмсілді бекер еске алып отырғам жоқ. «Асқар Сүлейменовтің «Бесатар» повесі он алтыншы жыл туралы емес». Есін елес алғандай күбір еткенін өз құлағыммен естідім.
Таным • 26 Наурыз, 2021
Қазақ хандығын кімдер басқарды?
Осыдан алты жыл бұрын Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығы елімізде кеңінен аталып өтіп, бағзыдағы бабалар тарихы туралы әңгіме тереңнен қозғалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты жиында сөйлеген сөзінде атақты Мұхаммед Хайдар Дулатидің деректеріне сүйене отырып, 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде болған тарихи оқиғаға да тоқталды. «Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ұлысынан бөлініп, Шу мен Таластың арасында Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. Алты Алаш анттасып, айырылмасқа сөз байласып, Ұлытауға таңбаларын қашап жазды. Осылайша, тарих сахнасына Қазақ деген халық шығып, ұлан-ғайыр өлке Қазақ жері деп атала бастады. Одан соң қасқа жолды Қасым хан хандықтың іргесін бекітіп, керегесін керді. Хақназар хан шекарасын Еділдің бойына дейін кеңейтсе, Тәуекел хан Түркістан өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты. Еңсегей бойлы ер Есім елдің іргесін бекіту жолындағы күресте қолбасшылығымен танымал болды. Салқам Жәңгір хан Орбұлақ түбіндегі шайқаста жоңғарларға ойсырата соққы берсе, Әз Тәуке «Жеті Жарғыны» енгізді», деді Н.Назарбаев. Бүгін Елбасының сол сөзіне арқау болған Қазақ хандығына билік жүргізген хандар туралы деректерді ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Әлем • 26 Наурыз, 2021
АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты әскери қолбасшысы қызметінен кетіп жатқан адмирал Филип Дэвидсон 9 наурызда өткен сенат комитетінің жиыны барысында Қытайдың алдымыздағы алты жыл ішінде Тайваньға шабуыл жасап, ол елді жаулап алуды көздеп отырғаны жайлы айтқан болатын.
Пікір • 26 Наурыз, 2021
Барлығы ел мүддесіне бағытталуы қажет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 25 ақпанда жер дауына қатысты мәселеге нүкте қойғанын үлкен тарихи жетістік деп айтар едім. Себебі «жер жекеменшікте болуы керек» деген нарықтық экономиканың құйтырқы шарттарына бағынбайтын, жерді сатуды ананы сатумен тең көретін арлы ел екенімізді дәлелдей білдік. Ендігі кезекте жер реформаларынан туындайтын өзгерістер мен толықтырулардың тек қана халық мүддесіне бағытталуын қамтамасыз етуіміз қажет. Ол үшін Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының күн тәртібіне бірнеше мәселені енгізу керек.
Қоғам • 26 Наурыз, 2021
Каспий итбалығы (Теңіз сүтқоректілерін қорғауға түбегейлі бетбұрыс)
Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің қайраңындағы Қашаған ірі кен орнын игеруші NCOC компаниясы Қазақстан мен Ресей ғалымдарының Каспий итбалығы популяциясына кешенді зерттеу жүргізуіне бастамашы болды.