Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Ұлттық музейде «Сезімдерді жаңғыртып...» атты сурет көрмесі ашылды
Көктем! «Жан-жануар адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі» деп Абай атамыз айтқандай, бұл барша табиғаттың жүйе-жүйесі босап кеңіп сала берген тынысынан тың тіршілік бүр жарар ғажайып шақ. Бұл кезде кісі көңілі де көкке ұмтылған көк өскіндей құлпырып, жасаңғырап қалады. Осындай сәтте қала тұрғындары мен қонақтарына тіпті де жарқын көңіл-күй сыйлау үшін елордадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Сезімдерді жаңғыртып...» атты сурет көрмесін ашты.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Кітап қолыңызға тиді, аңсар аударған бұл Шейх Ахмет Құдайдад Таразидың 1436-1437 жылдары жазып, мұра етіп қалдырған «Көркем сөз өнері» – әдебиеттану, әдебиет теориясы саласындағы түркі тіліндегі тұңғыш туынды. Еңбекте автор поэзияның көркемдік заңдылықтарын, жеке сөздің өлең құрылысындағы рөлін анықтайды.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2018
Ақмолада су тасқынының алдын алу үшін дайындық жұмыстары жүріп жатыр
Қазіргі таңда еліміздің кейбір өңірлерінде көктемгі су тасқынының алдын алу үшін қауырт шаралар қолға алынуда. Бұл ретте Ақмола облысында да қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұған көз жеткізу үшін облыстық төтенше жағдайлар департаменті өткен аптада су қаупі басым Атбасар ауданындағы жағдаймен жіті таныстыру үшін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне баспасөз турын өткізген болатын. Бұл жолы журналистер Зеренді мен Сандықтау аудандарындағы жағдаймен танысты.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2018
Батыс Қазақстанда тасқын қаупі бар
Биыл Батыс Қазақстан облысында топырақ қабатындағы тоң жылдағыдан 2-3 есе қалың қатқан. Күн күрт жылынып, жаңбыр жауатын болса, еріген қар жерге сіңе алмай, көл-дария болуы мүмкін. Ал ауа райын болжаушылар наурыз мейрамынан соң өңірде күн райы жылынуы мүмкін деп отыр.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
2018 жылдың жарты жылдығына арналған ауа райы айқындалды
Қазақстан бойынша 2018 жылдың жарты жылдығына арналған ауа райы болжамына байланысты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында сәуір айының жылы әрі жауын-шашынды болатыны айтылды. Оған «Қазгидромет» РМК Гидромет орталығының директоры Марина Шмидт, Aуа райының ұзақ мерзiмдi болжамдар басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева және Гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлы қатысты.