«Биылғы сәуір аса жылы, бірінші және үшінші онкүндікте жауын-шашын жиі болады. Осы айдың ішінде жылы ауа райы бірнеше рет салқын күндердің қайтып келуімен алмасып отырады. Осы ретте солтүстікте, орталықта және еліміздің шығысында ауа температурасы түнде 5-15 градусқа төмендеп, ал күндіз 0-5 градусқа дейін жылы болады. Ал айдың ортасына және үшінші онкүндіктің ортасына қарай Орталық Азиядан келетін жылу алмасуларына байланысты жанға жайлы жылымық орнайды. Бұл кезде ауаның температурасы еліміздің солтүстік аймақтарында күндіз 15-23 градусқа дейін жоғарыласа, еліміздің оңтүстік өңірлерінде 20-28 градусқа дейін барады. Бірақ сәуір айында ауа райы әлі де алдамшы болғандықтан, мұндай жылы күндер ұзаққа созылмайды. Өйткені үшінші онкүндіктің басында және соңына қарай ауа райы қайтадан суыта түседі. Еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынды болады. Сондай-ақ ұзақ мерзімді ауа райы болжамдары бойынша, мамыр айы жылы және жауын-шашынды болады деп күтілуде, тек республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен орталығында жауын-шашын нормадан аз түседі. Маусым-шілде айларында республиканың батысы мен оңтүстігін қоспағанда, жауын-шашын нормадан төмен болады деп күтілуде», деді Ұзақ мерзімді ауа райы болжамы басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева.
Қазақстан бойынша 2018 жылдың жарты жылдығына арналған ауа райы болжамына байланысты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында сәуір айының жылы әрі жауын-шашынды болатыны айтылды. Оған «Қазгидромет» РМК Гидромет орталығының директоры Марина Шмидт, Aуа райының ұзақ мерзiмдi болжамдар басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева және Гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлы қатысты.
Байсерке ауылында көпсалалы аурухана салынады
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Алматыда «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтеді
Кино • Бүгін, 17:30
Қамшы туралы тарихи мәліметтер топтастырылған кітап жарық көрді
Тарих • Бүгін, 17:15
Халықаралық форумда ғылымды дамыту мәселелері талқыланды
Ғылым • Бүгін, 17:00
Қазақстанда 755 волонтерлік ұйым жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 16:45
Алматы облысына 780 млрд теңге инвестиция тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:30