Марапат • 27 Наурыз, 2023
«Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз...». Кейінгі буын жастардың ішінде хәкім Абайдан қалған аманатқа адал, ғылымсүйгіш балалардың көбейіп келе жатқаны көңіл қуантады. Мысалы, таяуда ғана Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алып жүрген үш бірдей оқушы Бельгия астанасы Брюссельде өткен «Student Research Conference» халықаралық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы атанды.
Әлем • 26 Наурыз, 2023
Молдованың мемлекеттік тілі – румын тілі
Енді молдова тілі ресми түрде қолданыстан шықты деуге болады. Ел президенті Майя Санду өткен сәрсенбіде мемлекеттік тілді молдова тілінен румын тіліне ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұған дейін құжатты парламент мақұлдаған еді. Осылайша, Конституцияда, елдегі бүкіл ресми құжаттарда, заңдарда мемлекеттік тіл мәртебесі өзгермек.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2023
БҰҰ және Қазақстан: Ынтымақтастықтың негізгі басымдықтары
Қазақстан мен БҰҰ елдегі 2023 жылға арналған жұмыстың негізгі басымдықтарын айқындады. Ал ел Үкіметі мен халықаралық ұйым екі тарап арасында жасалған бесжылдық негіздемелік бағдарлама аясындағы негізгі ынтымақтастықты дамытуды жалғастыра береді.
Парламент • 26 Наурыз, 2023
Биылғы парламенттік сайлау шын мәнінде тарихта айрықша таңбаланып қалатын айшықты оқиға болды. Бұл демократиялық даму жолындағы биік белестердің бірі. Оның нәтижесінде енді Парламент Мәжілісінде бірден 6 партия халыққа қызмет еткелі тұр. Қазақстан тарихында заң шығарушы билікке ешқашан осынша көп саяси партия өтіп көрмепті. Бұл мемлекеттік мұратты, берекелі бірлікті, елдік құндылықтарды ту еткен текті халқымыздың тағылымды таңдауының арқасы.
Экономика • 26 Наурыз, 2023
Ішкі нарыққа сыртқы фактордың әсері қандай?
Банк саласының сарапшылары теңге бағамына әсер ететін факторлар ретінде мұнай мен шикізат бағасын, әлемдегі экономикалық және қаржылық жағдайды, соның ішінде елдің сауда әріптестеріндегі ахуалды айтады. Ал қаржылық реттеуші өкілдері отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдау арқылы нақты айырбас бағамына қол жеткізуді, ағымдағы шот бойынша теңгерімсіздіктің алдын алу және халықаралық резервтердің, соның ішінде алтын-валюта қорының төмендеуіне жол бермеу керек деген пікірде.