Өнер • 24 Наурыз, 2022
Бояу адамға нәзік эстетика сыйлайды. Әсіресе кенептегі көркемөнердің жанға берер тазалығы, мөлдірлігі мол. Картинадағы алуан түстердің арпалысы шынайы өмірдің құпиясын әшкерелеп тұрады. Байқасаңыз, ондағы өмір бергі беттегі біздің ғұмырымыздан әлдеқайда күрделі, әлдеқайда шытырман.
Экология • 24 Наурыз, 2022
Көгілдір отын – ауаны тазартудың төте жолы
Айтсақ сенбеуіңіз мүмкін, бірақ еліміздің бас шаһары ауасы ең лас қалалардың қатарында. Өзекті мәселені шешудің жолы – 100% газдандыру. Мұндай көзқарасты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұстанып отыр. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов Қазақстанның басқа да өңірлеріндегі экологиялық проблемаларды реттеудің жолдарын айтып берді.
Экономика • 24 Наурыз, 2022
Азық-түлік нарығына салмақ түсуі ықтимал
Азық-түлік бағасы өссе халықтың уайымы күшейеді. Басқа-басқа, Қазақстанда уайымның бұл түрі еселеп күш алады. Өйткені табыс төмен, ал инфляция болса ырыққа көнер емес. Ақпанда жылдық инфляция 8,7 пайызды (қаңтарда – 8,5 пайыз) құрап, жылдамдай түсті. Соның ішінде азық-түлік тауарлар бағасының өсу қарқыны 10 пайызға дейін (қаңтарда – 9,9 пайыз) ұлғайғанын Ұлттық банктің өзі де растайды.
Қазақстан • 24 Наурыз, 2022
Алматыда ғасырлық тарихы бар республикалық «Жас Алаш» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдық мерейтойы қорытындыланды. Басылымның мерейлі белесіне арналған іс-шараны түйіндеген басқосуда үнпарақта әр жылдары қызмет еткен журналистер тарапынан әсерлі естеліктер айтылып, оның қазақ қоғамының қалыптасу жолындағы рөлі кеңінен сараланды.
Қазақстан • 24 Наурыз, 2022
Ұлттық ғылым академиясының академигі Әлия Сәрсенқызы Бейсенова – ұлағатты ұстаз, әдіскер-ғалым, қоғам қайраткері, география-экология саласы жоғары және орта мектеп оқулықтарының авторы ретінде есімі ғылыми қауымға кеңінен танымал тұлға. Ол – барша қабілет-қарымын білімге арнап келе жатқан, жас ұрпақтың болмысы мен өсу заңдылығын зерделеуге, жаратылыстану және қоғамдық ғылымдарды бір-бірімен ұштастырып, экология және туризм бағыттарының қалыптасуына, олардың түрлі салалармен байланыста дамуына күш-жігер жұмсаған, білікті мамандар даярлау ісіне үзіліссіз үлес қосып жүрген біртуар педагог.