Өнер • 24 Наурыз, 2022

Қыс күнделігі

1492 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бояу адамға нәзік эстетика сыйлайды. Әсіресе кенептегі көркемөнердің жанға берер тазалығы, мөлдірлігі мол. Картинадағы алуан түстердің арпалысы шынайы өмірдің құпиясын әшкерелеп тұрады. Байқасаңыз, ондағы өмір бергі беттегі біздің ғұмырымыздан әлдеқайда күрделі, әлдеқайда шытырман.

Қыс күнделігі

Мезгіл мозаикасын құрау үшін, әр күннің әуеніне бой жы­лыту қажет. Санадан өткен сәуле келесі жүректің құл­­­пын ашу үшін компози­ция­­ны ыстық махаббатпен жа­зуға тиіссіз. Әйтпесе әсері ұзақ­­­қа бармайды. Бұл се­нің жеке шығармашылық қуатыңа тікелей байланысты. Қа­зақстандық суретші Вла­ди­мир Колоденконың «Қыс. Ша­ң­ғышылар» картина­сы осы үр­дісті еске түсіреді.

Суреткердің шы­ғар­­­машы­­­лық лаборато­рия­­сы ұлттық бейнелеу өне­рі алаңында ерекше орын­ға ие. Оның пейзаждары мен натюрморттары көп­жыл­­­дық театрдағы қыз­ме­­тімен байланысты. Бұл – тірі әлем­нің шындығынан, му­зы­­­калық әсерлерден, театр қо­йы­лым­дарының сұлу­лы­­ғынан туын­да­ған суретші фан­та­зиясы.

Автор үнемі суреттер мен нобайлар сала жүріп, та­би­ғат ортасында жұмыс іс­те­ді. Өмір­дің барлық қырын ба­рын­­ша дәл беруге ұмтылды. Қылқаламын табиғат бояуларына малды.

Бақсаңыз «Қыс. Шаң­ғы­шылар» картинасында шаң­ғы­шы­лардың қысқы саябақтағы серуенін бейнелеген. Бірінші пландағы жайқалған биік ағаш­­­тар кенептің бетін тұтас­тай алып жатыр. Бұтақ шілтер­лері арасынан түнерген бұлт­ты аспан мен қалың тоғай сыға­лайды.

Картина спектакльдің де­­ко­­рациясын еске салады. Бұл оның Абай атындағы МАОБТ-да сценограф болып жұ­мыс істегенін еске түсі­ре­ді. Суретші өз туын­дысында көрермендердің се­зімін бас­қа­ру үшін мықты тетік болатын сәнділік, ырғақ, қарама-қайшылық сынды көркемдік бейнелеу амалдарын пайдаланады.

Қошқыл түсті «биші» ағаш­­­­тардың қасында шаңғы­шы­­­лар­дың фигуралары кіш­кен­­тай, ашық таңба болып кө­рінеді. Бұл табиғаттың айбын­дылығын сездіреді, ал шаңғы­шы­лардың кішкентай фигуралары көрермендердің на­зарын өзіне тартып, олар­дың қысқы орманға жаса­ған серуенін бақылатады.