Аймақтар • 24 Наурыз, 2022
Елімізде жеке шаруашылықтар көптеп құрылып, мал саны артқан сайын жайылатын жер де тарылғаны жасырын емес. Тіпті бұрыннан бері ауыл халқының азын-аулақ малы тебіндеп келген елді мекен аумағындағы алақандай жердің өзі жекенің қолына өтіп, жер дауы ушығып тұр.
Экономика • 24 Наурыз, 2022
Санкциялар салдарынан сансыраған Ресей минералды тыңайтқыштар экспортына тыйым салмақ. Іргедегі көршінің әлемдік нарықтағы көшбасшы екенін ескерсек, бұл жағдай көптеген елді тығырыққа тіреуі мүмкін. Мұндай шектеу дала жұмыстарына әне-міне кіріскелі отырған біздің шаруаларды да әбігерге салуы ықтимал.
Экономика • 24 Наурыз, 2022
Құбырдың істен шығуы Қазақстан экономикасына қалай ықпал етеді?
Біздің мұнайдың 80 пайызы экспортқа Ресей арқылы тасымалданатыны белгілі. Соның ішінде, Новороссийск портымен тасымалданады. Түнеукүні Краснодар өлкесінде қатты дауыл тұрып, құбыр желісіне елеулі зиян келтірген. Осыған байланысты консорциум құбырдың зақым тиген бөлігін жуу және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін оның жұмысын уақытша тоқтатқан. Бұл құбыр желісі арқылы экспортталатын мұнайдың төрттен бірі ғана Ресейдікі, қалғанының бәрі біздің мұнай (жылына 50 млн тоннадан астам). Магистральдың қуаттылығы жылына 67 млн тонна мұнай тасымалдауға жетеді.
Әлем • 24 Наурыз, 2022
Таяуда Солтүстік Корея ең үлкен құрлықаралық баллистикалық зымыранын ұшырды. Бұл туралы Жапония мен Оңтүстік Кореяның әскери шенеуніктері хабарлады. Аталған елдер басшылығының пікірінше, бұл кейінгі жылдарда жасалған арандатушылық әрекеттердің бірі.
Әлем • 24 Наурыз, 2022
Украинадағы қақтығыс: Бір айда не өзгерді?
Украинадағы әскери қақтығыс басталғалы бір ай өтті. Кремльдің тез арада Киевті тұқыртып алуды көздеген әрекеті жүзеге асқан жоқ. Қазіргі таңда ұрыс негізінен позициялық сипатқа көшті. Ресей тарапы үлкен жеңістерге жетіп жатқанын хабарлағанымен, әзірше Херсоннан басқа Украинаның бірде-бір үлкен қаласын басып ала қойған жоқ.