Қазақстан • 17 Сәуір, 2018
Алматыда Халықаралық экономика, қаржы және энергия конгресі басталды
Алматыда 13-18 сәуір аралығына жоспарланған ІІІ Халықаралық экономика, қаржы және энергия конгресі өз жұмысын бастады.
Парламент • 17 Сәуір, 2018
Үкімет сағатында көші-қон бақылауының жай-күйі талқыланды
Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божконың төрағалық етуімен Үкімет сағаты өтті. Онда «Қазақстан Республикасындағы көші-қон бақылауының жай-күйі және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндама жасап, депутаттардың еліміздегі көші-қонның бүгінгі жай-күйі тұрғысындағы сауалдарына жауап берді.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2018
Кәсіпкерлікті дамыту бойынша Астана 1-орында
Астанада кәсіпкерліктің даму қарқыны жыл өткен сайын артып келеді. Өңірлік бизнесті дамытудағы басым бағыттар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев пен қала әкімі Әсет Исекешев қатысқан елорда кәсіпкерлерінің дәстүрлі конференциясында кеңінен талқыланды.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2018
Мәдени мұрасы мол Маңғыстау. Өңірде зерттеу жүргізетін археологтер жетіспейді
Маңғыстаудың арғы тарихы – мыңжылдықтар иірімі өз жұмбағын ішіне бүккен сыр сандық. Жазу болып хатталмаған тылсымға толы сол көмбені ашу – археология ғылымының, аңыз-деректерді сөйлету мен мифологиялық зерттеу-зерделеудің міндеті. «Ашық аспан астындағы мұражай» атанған өлке бірінің шамасы келмеген тұсты екіншісі, үшіншісі толықтырып, кешенді-тұтас зерттеу жұмыстарын жүргізуге сұранып жатыр.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2018
Құрылыс қарқынды, бірақ сапа қандай?
Қостанайда да тұрғын үй құрылысының қарқыны жаман емес. Өткен жылы үйді пайдалануға беру жөнінен облыс республикада үшінші орын алды. Жыл бойына 2164 пәтер және 482 дербес үйлер салынды, олардың барлық көлемі 264,7 мың шаршы метрді құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл 135,9 пайыз болған. Қоныс тойлар тойланып, қаншама отбасы қуанышқа кенелді.