Руханият • 27 Сәуір, 2020
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз, ұзақ жылдар бойы еліміздің денсаулық сақтау саласында еңбек етіп, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі болған, қазір зейнетке шыққан Ақсұлтан Аманбаев өзі туып-өскен оңтүстік өңірі жайлы «ұлан-ғайыр қазақтың киелі жері бар қазақтың, арғысы бүкіл түркі әлемінің аяулы мекені, қаймағы бұзылмаған қазақы қонысымыз, ұлтжанды халқымыз ұлттық дәстүрімізді, салт-санамызды ұмыттыруға бағытталған жылдарда дінімізді, тілімізді, ділімізді сақтап қалуға зор үлес қосқан қасиетті мекенде, Әл-Фараби бабамыздың кіндік қаны тамған, елімізге талай атақты тұлғаларды, ғұламаларды, өнер тарландарын сыйлаған Отырардың қасиетті топырағында өмірге келгенімді мақтаныш тұтамын», – дейді. Осындай өлкеде туып, елінің бар жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп өскен, өмірден өз орнын тауып, ұлт алдында перзенттік борышын адал атқарып, көпшіліктің құрметіне бөленген, мемлекет қайраткері, ғалым-кардиохирург Ақсұлтан Аманбайұлы Аманбаев бұл күндері сексеннің сеңгіріне аяқ басып отыр.
Экономика • 27 Сәуір, 2020
Жеңіл өнеркәсіптің жүгі неге ауыр?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында өнімін экспортқа шығаратын компанияларға мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігін барынша арттыру қажеттігін атап көрсетіп, Үкіметке мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар әзірлеуді, оның ішінде салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыру мәселелері көзделуін, шетелден тікелей инвестиция тарту жұмыстарын барынша жандандыруды тапсырды. Осыған орай, Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары аясында әрбір сала мен өңір үшін нақты мақсатты көрсеткіштер белгіленді.
Таным • 27 Сәуір, 2020
Газетіміздің бүгінгі нөмірінде белгілі аудармашы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, дін саласының маманы Зәріпбай Жұманұлы Оразбайдың бүкіл дүние жүзін дүрліктіріп отырған коронавирус және оның салдары мен ата-бабаларымыздың өткен замандарда осы сияқты індетерге қарсы қандай шаралар мен ем-домдар қолданғаны туралы ойларын бөліскен мақаласын жариялап отырмыз. Ондағы келтірілген деректер мен тілектерге көпшілік қауым қызығушылық танытады деп ойлаймыз.
Әдебиет • 27 Сәуір, 2020
АҚШ-тың бет-бейнесі Голливуд болса, қазақтың рухын көтеретін әдебиет
Біреудің жұмыс іздеп кеткен жағынан бала-шағасына жүз мыңдап, екі жүз мыңдап ақша келіп жатыпты. Басқалар да артынан барайын десе, өздері тұрып жатқан ауылды бір бай сатып алмақшы екен деген сыбыс шығып тұр. Егер сатып алса, бастарына бақ орнататындай көрінеді. Бірақ ол бай бұл ауылды қашан сатып алады? Сосын қашан сиыр қора салады? Оған сиырларды айдап әкеліп, қашан қамайды?
Қоғам • 27 Сәуір, 2020
Мектеп оқушыларына 27-28 сәуірге арналған бейнесабақтар кестесі