Экономика • 21 Сәуір, 2023
Ұлттық қордың көлемі қайтсе артады?
Күні кеше өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор мәселесіне тағы назар аударды. Президент бюджет тапшылығын, мемлекет қарызын, Ұлттық қордан аударылатын трансфертті және басқа да макрокөрсеткіштерді реттеуді тапсырды.
Еңбек • 21 Сәуір, 2023
Бір кезде «Әулие-Ата Феникс» құс фабрикасы отандық нарықты бағындырып қана қоймай, алыс-жақын мемлекеттерге құс етін экспортқа шығарады деп ешкім ойламаса керек. Оның бүгінгі иесі Фарида Жүнісова Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Мырзатай ауылдық округіндегі қаңқасы ғана қалған құс фабрикасын сатып алғанда «Қирап қалған дүниені қайтпек?» дегендер аз болған жоқ.
Инфографика • 21 Сәуір, 2023
Кейінгі кездері жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, әлімжеттік, буллинг, суицид оқиғалары жиілеп кетті. Өскемен қаласындағы қыздар төбелесі, Түркістан облысындағы оқушы қыздың өлімі, Алматы облысындағы бір мектептегі оқиға салдарынан екі баланың қайтыс болуы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен отбасы құндылықтарын дәріптеу мәселесі күні кеше Үкімет үйінде өткен алқалы жиында да көтерілді. Балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кеткенін айтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сорақы жағдайлар оқушылардың өзіне қол жұмсауына себепкер болып отыр. Тіпті ата-аналардың өздері баласына қорлық көрсетіп, оның арты қайғылы жағдайға ұласып жатады. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы әлсіз. Жауапты мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметі ойдағыдай нәтиже берген жоқ», деп бұл бағыттағы жұмыстарды сынға алды. Рас, ендігі жерде мұндай жантүршігерлік оқиғаларға өкініш білдіріп немесе сырттай қарап отыру мүмкін емес. Сол себепті де «Egemen Qazaqstan» газетінің кезекті дөңгелек үстеліне білім мен тәрбие саласына жанашырлық танытып жүрген қоғам мүшелерін жинап, көкейкесті мәселені жан-жақты талқылаған едік.Дөңгелек үстелге еліміздің бала құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай, педагог-психолог Әсия Серікова, республикалық «Qazbilim» орталығының және Астана қаласындағы Қ.Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназияның директоры Аятжан Ахметжанұлы, Ұлытау облысы білім басқармасының басшысы Сапура Төлекова, Астана қаласы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары Қанат Нысантаев, ата-аналар өкілі, журналист Данияр Есен және «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұркен Асанов қатысып, тақырыпқа қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Қоғам • 21 Сәуір, 2023
Қордаланып қалған кеншілер мәселесін реттеуде келісім комиссиясының ықпалы зор. Осы комиссия жұмысы нәтижесінде кеншілер қойған талаптардың басым бөлігі шешімін тауыпты. Алғаш комиссия құрылғанда кеншілер 12 мәселе көтерген болатын. Кейін олар толыға түсті.
Елорда • 21 Сәуір, 2023
Астана жұртының таң атысымен EXPO халықаралық көрме орталығына қарай ағылып жатқанына, міне, үшінші күн. Әрине, жылына бір рет болатын «Eurasian Book Fair-2023» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі оқырман қауымға таптырмас мүмкіндік. Ыбырайша айтсақ, «тілегені алдынан іздемей-ақ табылатын» көрмеден кім құр қалсын!