Бокс • 23 Сәуір, 2021
Кеше Сербияның астанасы – Белградта бокстан «Belgrade Winner» деп аталатын халықаралық турнирдің тұсауы кесілді. Бұл жарыста бірқатар мемлекеттен келген былғары қолғап шеберлері бақ сынауда.
Руханият • 23 Сәуір, 2021
Адам баласында шүкіршілік дейтін ұғым бар. Бұрынғы аталарымыз өздерінің өмір сүру әдебін «қиындық келсе сабыр етеміз, жақсылық келсе шүкір етеміз» деп бағамдаған. Демек «сабыр» мен «шүкір» ұғымдары – қай заманда, қай дәуірде де болсын адамзаттың рухани тірегі һәм адаспас, адастырмас темірқазығы.
Саясат • 23 Сәуір, 2021
Елордада «Мемлекет, бизнес және КЕҰ: тұрақты даму жолындағы бірлік пен әріптестіктің 30 жылы» тақырыбында әлеуметтік жобалар форумы жұмысын бастады. Форумның ашылуына Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қатысты. Жиын аясында екі күн көлемінде еліміздегі азаматтық қоғам мәселелері талқыланбақ.
Қазақстан • 23 Сәуір, 2021
Тәуелсіздік тірегі – ел бірлігі
Тәуелсіздік – киелі ұғым. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында: «Бізді қай заманда да қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құдірет – ел бірлігі. Ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел... Ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың міндеті», деді. Бұл тәуелсіз елімізге ауадай қажет ой. Себебі, бірлік – ұлтты сақтаудың бір кепілі. Демек, ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарғанға не жетсін!
Ең қысқа әңгіме • 23 Сәуір, 2021
Алаш топырағындағы алтын тарих
Жоқ, тарих қателескен жоқ. Қателескен – уақыт өтіне жұтылған адамдар. Адамдар алданды. Алдаған баянсыз болжамдар. Болжамдар мәнге ие болды. Ал біз сол кертартпа мәннің кесірінен жылдар ағысынан кейін қалып қойдық. Өкініштісі, бақандай бір ғасырға. Отыз жылда сол ғасырға ұласқан адамзат қателігін түзей алдық па? Оны Ұлы даланың топырағын жастанған «Алтын адам» айтсын? Біз бұл құнды құпияның жұмбағын шешуге тырысайық. Тағы да айтам, тарих шалыс басқан жоқ, шатасқан – шимай түсініктер...