Медицина • 23 Сәуір, 2021
Репродуктивтілік мәселесімен жүгінгендердің жартысы жастар
Жастар арасында репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша жүгінгендердің 53%-ын 13 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрайды. Бұл туралы JANYM қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Наталья Клюжина «Жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету» жобасына арналған баспасөз-конференциясы барысында айтты.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2021
«Былтыр төселген асфальт көктем шыға қармен бірге еріп кетеді» деп мысқылдайды ел. Мысқыл емес, шығыстағы шындық сол. Қала ішіндегі жолды қойып, облыстық, республикалық жолдардың өзі ойдым-ойдым. Елдегі жолдардың сапасы сын көтермейтіндей деңгейде болмаса, Президенттің назарына ілікпес те еді. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шара қабылдауды тапсырды.
Қазақстан • 23 Сәуір, 2021
Өз вакцинасын әзірлеген әлемдегі бес елдің қатарындамыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық вакцина жасау жөніндегі нақты тапсырмасы орындалды. Биылғы 26 сәуірде халықты QazVac вакцинасымен егу басталады. Ал алдағы мамыр айында 50 мың доза көлеміндегі вакцинаның кезекті партиясын шығару жоспарда тұр. Бұдан әрі вакцина өндірісі кезең-кезеңмен айына 500-600 мың дозаға дейін ұлғайтылатын болады.
Оқиға • 23 Сәуір, 2021
Тіл мен тарих – халықтың қос қанаты
Халықаралық Қазақ тілі қоғамының Алматы қалалық бөлімшесі, сондай-ақ қалалық Қоғамдық кеңес жанынан құрылған Тіл комитетінің ұйытқы болуымен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған келелі кеңес өтті. Ғалымдар мен тіл жанашырларын бір алаңда жинаған басқосуда қазақ тілінің айналасындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2021
Қазақстан және Өзбекстан Әділет министрліктері ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды
2021 жылғы 22 сәуірде «Tashkent Law Spring» II Халықаралық Заң Форумы аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрі М.Б. Бекетаев пен Өзбекстан Республикасы Әділет Министрі Р.К. Давлетов екі ел министрлігі арасындағы 2021-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.