Қазақстан • 22 Сәуір, 2021
АҚШ санкциясы Қазақстанға әсер ете ме?
Өткен аптада АҚШ президенті Байденнің әкімшілігі «елдің ұлттық қауіпсіздігіне қол сұққан» Ресейдің кейбір әрекеттеріне байланысты санкциялар жариялады. Бұл жағдай Қазақстанға қалай әсер етеді деген сауалға АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер жауап берді.
Спорт • 22 Сәуір, 2021
Ақтоғайдан Алматыға, одан кейін Бордо...
Бүгін Ирина Герлицтің туған күні. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының екінші жартысы мен тоқсаныншы жылдардың басында бұл есім ерекше құрметпен аталатын. Қазақстанда туып-өскен ол ұзақ уақыт бойы баскетболдан Алматының «Университет» клубының намысын қорғады. КСРО құрамасы сапында жасындай жарқылдап, әлемдегі үздік ойыншылардың санатына қосылды. Міне, сол даңқты жерлесіміз бүгін 55 жасқа толып отыр.
Білім • 22 Сәуір, 2021
2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінеді
«Болашақ» бағдарламасы бойынша осы жылға арналған басым мамандықтар тізбесі академиялық оқуға арналған 80 мамандықты және тағылымдамадан өтуге арналған 137 мамандықты көздейді.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2021
Қоғамдық кеңестердің өкілеті едәуір артады
Биылдан бастап елімізде жұмыс істеп жатқан 237 және оған қосымша құрылатын 13 қоғамдық кеңестердің өкілетін едәуір арттыратын заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов мәлімдеді. Оның айтуынша, қоғамдық кеңестердің 70%-нан кем емес құрамы, байқау арқылы сайланатын, үкіметтік емес ұйым өкілдерінен тұратын болады.
Білім • 22 Сәуір, 2021
«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік ЖОО тізімі толықтырылды
«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының және шетелдік ұйымдардың тізіміне өзгерістер енгізілді. Биыл бұл тізім 207 жоғары оқу орнына дейін ұлғайтылды. 2020 жылы 138 ЖОО болған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.