Аймақтар • 22 Сәуір, 2022
Арқа төсі қара жерге дән сіңіру науқанына тыңғылықты дайындықты бастап кетті. Мұның бір дәлелі ретінде Қарағанды облысындағы Осакаров ауданында жуырда ғана өткен аграрлық кеңесті айтуға болады.
Спорт • 22 Сәуір, 2022
Спорт саласын өзіне тақырып еткен Дендербай Егізов түсірген суреттерінен көрме өткізгенде, бірінші планға еліміздің ауыр атлет командасын қоятын. Көзің тоятын кілең сом мүсіндердің арасында бойы бәрінен биік ірі тұлғалы Ізбасар Оразбақұлы тұратын. Ол – кәдімгі исі қазақ жастары арасында ауыр салмақта тұңғыш КСРО спорт шебері атанған азамат.
Спорт • 22 Сәуір, 2022
Грек-рим күресі шеберлері Ұланбатырда өтіп жатқан Азия чемпионатын қорытындылады. Алғашқы жарыс күні Серік Жұмашев жетекшілік ететін Қазақстанның ұлттық құрамасы бес жүлдені иеленгені жайында біз бұған дейін хабарлағанбыз. Келесі күні тағы төрт балуанымыз жеңіс тұғырына көтерілді. Осылайша 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медальді олжалаған жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте алдына жан салмай, барша күрес жанкүйерін қуантты.
Спорт • 22 Сәуір, 2022
Әлемдік ареналарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген «Қайрат» футзал клубы кезекті рет Қазақстан біріншілігінде дара шықты. Чемпионаттың 31-32 тур ойындарын сырт алаңда «Атыраумен» өткізген алматылық ұжым алаң иелерінен екі матчта да басым түсіп, мерзімінен бұрын чемпиондық тәжге қол жеткізді.
Өнер • 22 Сәуір, 2022
Шынар Жанысбекова: Өнегелі тағдырдың шуағы өміріңе сәулесін түсіреді
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Жанысбековамен әңгіме.