Әдебиет • 22 Сәуір, 2022
Қазақ прозасында шоқтығы биік туынды – «Қараой». Көрнекті жазушы Тәкен Әлімқұловтың аты аталып, есімі еске түскенде басқа көптеген шығармасынан ерекшеленіп, бірден осы «Қараой» санамда жаңғырып шыға келеді. Содан келіп оны қайталап оқуға ынтығасың, асығасың. Әдеби шығарманың бір құдіреті өзіне ынтықтырып, баурай білуінде. «Қараой» да солай, өзіне тартады да тұрады. Оның сыры неде екен, а? Әңгімеде ерлігімен, өр тұлғасымен, рухты жырларымен, бөлек болмысымен дараланған Махамбеттің соңғы күні көркем шындықпен суреттелгеніне дау жоқ.
Әдебиет • 22 Сәуір, 2022
Зерделеп қарасақ, алғашқы ғылыми фантастикалық роман 1818 жылы жарық көрген екен, оны жазған Мэри Шелли, ал оның төл туындысының аты «Франкенштейн» еді. Бұл роман 1831 жылы алғашқы нұсқасымен оқырманға ұсынылды. Ол кездегі шығып жатқан кітаптардың дені романстық үлгіде, нақтырақ айтқанда, готикалық романстағы шығармалар болатын. Франкенштейнде Шелли ғылымды еш қисынсыз пайдаланған кезде әлемде не өзгеретіні, қоғамда қандай жағдайлар орын алатыны және оған жеке адамның қандай рөл атқаратыны туралы алаңдаушылық сезімін білдіреді.
Әдебиет • 22 Сәуір, 2022
Кез келген ақынды танығың келсе, туған жерін, өскен топырағын көр деген сөз тегін болмаса керек. Ол сол даланың ұланы, сол даланың дүбірлеген думанына бөленіп, шуағын сіңірген, қасиетіне қаныққан, қасіретіне ортақтасқан, қайғысын бөліскен табиғаттың бір бөлшегі емес пе? Адамның бәрі сондай, ал олардың арасында ақыны болса есі кіргеннен әлгі құбылыстардың бәрін ой елегінен өткеріп, сыртқа шығарады, ел игілігіне жаратады.
Таным • 22 Сәуір, 2022
Шамамен 1993 жылдың ақпанының орта тұсы. Сегіз адам – қарауыл бастығы – аға лейтенант, ауысымдарды жүзеге асырушы сержант және араларында мен бар алты сақшы болып «Ангарды» қарауылдауға аттандық.
Таным • 22 Сәуір, 2022
Жұмыс кабинетіндегі қабырғада қазақ руханиятына еңбегі сіңген бес тұлғаның портреті ілініп тұр: Абай, Әлихан, Шәкәрім, Міржақып және Әуезов. Бұл бейнелерге қарап отырып, түрлі ойға қаласың. «Осы адамдар халықтың қазіргі жағдайын һәм қандай дәрежеге жеткенін біле ме екен... сезе ме екен? «Жаңа Қазақстан» идеясына көзқарастары қандай? Жалпы, осы бесеудің ішінде кім жақсы өмір сүрді? Абай ма?.. Әуезов те жазушылық еңбегінің игілігін көрді емес пе?...»