Таным • 22 Сәуір, 2022
Руханият • 22 Сәуір, 2022
Тың игеру жылдары біздің ауылға бір топ өзге ұлт өкілдері көшіп келіпті. Айтпақшы, сол жылдары орта мектеп те екі тілді білім ордасына айналған. Үлкендердің айтуынша, сол кезде ауылда неше түрлі хикая болыпты. Оның шет жағасын соның бел ортасында жүрген ағаларымыздан өзіміз де естідік. Олар алғашқыда өзге ұлт өкілдерімен талай жаға жыртысыпты. Кейін бір-бірімен түсінісіп, жақын араласып кеткен.
Әдебиет • 22 Сәуір, 2022
«Періштелердің өлімі» әдебиетімізге бетбұрыс әкелді ме?
Асқар Сүлейменовтің «Бесатары» – «Маузер». Бұл кітапта әдемі сезім атымен жоқ. Әдемі сезім деп отырғанымыз – лирика. Ал лирика жоқ болатын себебі, оған повесте орын да жоқ. Мұнда лирика сөйлемейді, маузер сөйлейді. Немістерден сатып алынып, орыс-жапон соғысында қолданылған қару. Соғыстан соң қазақ даласына көтерілісті басуға келген офицерлер ұстаған. Сондықтан да повестің «Бесатар» деп аталуы үлкен рөл ойнап тұр. Бірақ бізде кітаптардың аттары көбінесе бейтарап болып келеді. Соған сай шығарма мазмұны да бейтарап, беймарал.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2022
Жамбыл облысы – ауыл шаруашылығымен аты шыққан өңір. Мұнда асыраушы саланы көркейтуге, дамытуға мүмкіндік мол. Сондықтан да өңірдегі қарапайым халықтың дені мал шаруашылығымен айналысады. Биыл облыстағы мал саны 7,1 пайызға артқан. Мемлекет қолдауының нәтижесінде несие алып, тірлігін тіктеп отырған шаруалар да бар.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2022
Тәуелсіздік алғаннан кейін құқықтық реформаларды жүргізу барысында құқықтық статистиканың бірыңғай органын құру қажеттігі туындады. Ол кезде статистиканы әр орган өздері қалыптастыратын, араларында ешқандай жүйе болмаған. Бұл еліміздегі қылмыстылықтың жағдайына дұрыс және толық баға беруге мүмкіндік бермеді.