Елорда • 22 Сәуір, 2022
Автокөліктерге BUS Lane емес, басқа жол дұрыс
Соңғы жылдары көліктің көптігіне байланысты бас қалада кептеліс мәселесі ушыға түсті. Осыған байланысты автобусқа арналған BUS Lane жолағымен автокөліктердің жүруіне де рұқсат беру керек деген пікірлер қоғамда жиі айтыла бастады. Халықтың пікіріне құлақ асқан қала билігі бұл ұсынысты онлайн дауысқа салған еді.
Елорда • 22 Сәуір, 2022
Инфрақұрылымдық даму жоспары қолдау тапты
Елордада тұрғындардың саны жыл сайын артып келе жатқанын ескерсек, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, кәріз-тазарту құрылыстары, нөсер кәріздері секілді әлеуметтік нысандарға да, инженерлік желілерге де қосымша күш түсіп отыр. Бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәслихат отырысында инфрақұрылымды жүйелі дамыту, стратегиялық нысандар құрылысы туралы айтып берді.
Елорда • 22 Сәуір, 2022
Жол қозғалысын жолға қоятын тұжырымдама
Елордада Кешенді көлік схемасының тұжырымдамасы бекітілді. Бұл халықтың жыл сайынғы өсуін және жолдардағы трафиктің ұлғаюын ескере отырып, қалалық көліктің 10 және одан да көп жылға арналған бірыңғай техникалық пайымын әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы қалалық мәслихат отырысында City Transportation Systems ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов айтты.
Пікір • 22 Сәуір, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты маңызды мақаласында: «Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс» деді.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2022
Атырау облысының әкімдігі күнделікті тұтынатын азық-түлікпен қамтуды басты назарға алды. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, жыл соңына дейін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ арасындағы келісімге сәйкес «Желаев нан өнімдері комбинаты» арқылы наубайханаларға бірінші сұрыпты ұнның 2 мың тоннасы жеткізіледі.