Ғылым • 22 Сәуір, 2021
Жастарды стартап жобалар қанаттандырады
Осыдан екі жыл бұрын Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы мен Жетісу университеті бірлесіп, StartUp Academy ашқан болатын. Мұндағы мақсат жастар арасындағы кәсіпкерлікті дәріптеп, ғылымға негізделген әрі инновациялық әлеуеті зор стартап жобаларды дайындау еді. Бүгінде сол мұратқа толық қол жеткендей.
Руханият • 22 Сәуір, 2021
Ар жақта Арынғазы дүбірлеген,Бай-еке, елің бар ма бүлдірмеген?Төре кетіп, төбеде төбет қалып,Туып тұр ел басына «бұл күн» деген... (Шернияз жыраудың Баймағамбет сұлтанға айтқаны)
Руханият • 22 Сәуір, 2021
Жаһандық пандемия Қазақстанды да шарпыды. Талай жан денсаулығымен күресіп, өмір мен өлімнің ортасында арпалысты. Өкінішке қарай, арамыздан жаны жайсаң қаншама адам өмірден өтті. Елге түскен нәубетпен денсаулық сақтау ұйымдарынан өзге, қарапайым халыққа дейін қарап қалмады. Күресті. Қиын-қыстау сәтте ел ортақ мүдде жолында бірікті. Тыныс алуы қиындағандарға әркім шамасына қарай көмекке келді. Бірі аппарат жеткізіп берсе, бірі дәрі-дәрмектен қарасты. Енді бірі зауытта жүріп, сол оттегін баллондарға құйып, науқастарға тасымалдады.
Руханият • 22 Сәуір, 2021
2020: Музейге қанша адам барды?
Ресей Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, былтыр көрші елде музейге жиырма миллионға жуық адам барыпты. Жыл бойына 2,7 мың көрме жобасы өткен. Бұдан бөлек пандемиялық ахуалға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылған 23 мың іс-шара 300 миллион қаралым жинаған.
Оқиға • 22 Сәуір, 2021
Ақындар мен суретшілер бақ сынайды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Мәдениет порталы» ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық онлайн-байқауы жарияланды. Өнер бәйгесінің жалпы жүлде қоры – 7 600 000 теңге.