Аймақтар • 21 Сәуір, 2021
Петропавлда ер адам көлік иесіне 1 млн теңге шығын келтірді
Петропавлдың әлеуметтік желілерді қолданушылары қаланың шет аудандарының бірінде тоқтап тұрған «KIA» автокөлігіне тас лақтырып, оқиға орнынан қашып бара жатқан адамды біраздан бері талқылаған, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 21 Сәуір, 2021
Бұл күндері Өзбекстан астанасы – Ташкентте ауыр атлетикадан лицензиялық Азия чемпионаты өтуде. Сары құрлық додасына қатысып жатқан Қазақстан құрамасының қоржынында әзірше бір алтын және бір күміс медаль бар. Күні кеше жарыс жолына шыққан екі спортшымыз, өкінішке қарай, жүлделі орындардан көріне алмады.
Қазақстан • 21 Сәуір, 2021
Үш ғасырға жуық бодандық қамыты мойнын әбден қажап, қанша жаншылса да жасымаған халықтың тәуелсіздік алғанына биыл отыз жыл толады.
Қазақстан • 21 Сәуір, 2021
Көк байрағымыз – ең биік шыңдарда
Жер бетінде биіктігі 8 000 метрден асатын 14 шың бар. Солардың барлығын алғашқы болып бұл күндері 76 жасқа толып отырған Райнхольд Месснер есімді азамат бағындырды. Италияның Оңтүстік Тироль аймағында орналасқан Брессаноне деп аталатын шағын ғана қалада туып-өскен ол өз сапарын 1970 жылы Гималайдың солтүстік-батысындағы Нангапарбаттан бастады. Содан кейін әлемдегі ең биік шыңдарды бірінен кейін бірінің ұшар биігіне шықты. Өз жоспарын жүзеге асыру үшін Месснер өмірінің 16 жылын сарп етті.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2021
Шалдай орманы тағы да өртке оранды
Оқыс оқиға өңірдегі «Ертіс орманы» резерватына қарасты Шалдай орман шаруашылығында орын алды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт шалған орман аумағы 1200 гектарға жеткен. Өрт сөндірушілер, орманшылармен бірге жергілікті әкімдік қызметкерлері, еріктілер орман өртін сөндіруге шықты.