Айтыс • 18 Сәуір, 2023
«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық айтыс Әулиеата төрінде соңғы бірнеше жыл бедерінде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Жыр жүйріктері сынға түсіп жүрген додада талай жас перінің тұсауы кесілді. Ал жыр алыбының 177 жылдығына арналған биылғы аламан айтыста тағы бір жасөспірімнің, анығырақ айтсақ, мектеп оқушысының жұлдызы жанды.
Пікір • 18 Сәуір, 2023
Дүниеден көшкенімен көз алдыңнан жарқын да жылы жүздері кетпейтін, санадан көңілдері мен ықылас ниеттерінің іздері өшпейтін Бәйкен аға Әшімов, Әбіш Кекілбаев, Кенжеғали Сағадиев, Мақтай Сағдиев, Кәкімбек Салықов сынды қазақтың алыптары өз тіршіліктерінде Светлана Жалмағанбетованы «Света», «Светажан» деп өз қыздарындай еркелете айтатын сәттері қазір сағынышқа айналды.
Туризм • 18 Сәуір, 2023
Көтеріп өкшеңді, көріп кет Көкшемді!
Жадырап жаз келісімен Бурабайдың баурайы, Зерендінің зерлі аймағы келімді-кетімді кісіден бір босамайды. Біздің өңір туризм саласын дамытуға мейлінше қолайлы.
Спорт • 18 Сәуір, 2023
Дзюдодан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы Қатар астанасы Дохада алауы тұтанатын әлем чемпионатына қатысады. Әлем біріншілігі 7-14 мамыр күндері өтеді деп жоспарланған.
Теннис • 18 Сәуір, 2023
Ұлттық құрама – үздіктер қатарында
Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте алғаш рет үздік жеті елдің қатарына қосылды.