Спорт • 21 Сәуір, 2022
UFC-де өнер көрсетіп жүрген аралас жекпе-жектің хас шебері Дамир Исмағұлов өзінің келесі кездесуін үстіміздегі жылдың 19 маусымында өткізеді. Ресейде туып-өскен 31 жастағы қандасымыз бұған дейін түрлі промоушендерде күш сынасқан Скандинавия түбегінің сақа спортшысы Гурам Кутателадземен сайысқа түседі.
Хоккей • 21 Сәуір, 2022
Осыдан біраз уақыт бұрын Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубының бапкерлері мен ойыншылары, әкімшілік және техникалық персоналдың қызметкерлері «Жалақымызды ала алмай жүргенімізге үш айға жуықтады» деп дабыл қаққан еді. Сондай сипаттағы мақалалар баспасөз беттерінде де жарық көрді. Ал өткен аптада аталған команданың баспасөз қызметі «Барлық қарыздан толықтай құтылдық» деген ақпарат таратты.
Спорт • 21 Сәуір, 2022
Моңғолияның бас шаһары – Ұланбатырда күрес түрлерінен Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Аталған жарыста сары құрлықтың көптеген мемлекеттерінен келген белді балуандар күш сынасуда. Солардың қатарында Қазақстанның да өрендері бар. Бозкілемге алғаш болып грек-рим күресінің шеберлері шығып, 10 салмақ дәрежесінің жүлделерін сарапқа салып жатыр.
Өнер • 21 Сәуір, 2022
Клоун болуды армандаған композитор
Әсілінде, теориямен шектеліп қалған дирижерлер аз емес қой. Олардың білігі мен білімінің зор екеніне сөз жоқ. Әйткенмен мамандар тәжірибесі кемшін тартып тұратынын айтып жатады. Ал Нұрлан Байкөзовтің артықшылығы – еркіндігі. Ол қандай да бір шығарманы түзесе де, табиғат берген мінезін қырып-жойып, құбылтпайтын. Нұрланның дирижер ретінде сахнаға шығуының өзі мереке еді. Ол музыкалық аспап біткенді сезініп қана қоймай, айналасындағылармен, залмен байланыс орнатады. Көрерменді түгел «оятып» жібереді. Мүмкін содан да шығар, көпшілік оны «болмысы бөлек дирижер» деп атап кеткен еді. Иә, ол туралы енді «еді» деген сөзді көп қолданатын болдық...
Қазақстан • 21 Сәуір, 2022
Полигон аймағында тұрғандар төлемді оңай рәсімдей алады
Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтар мемлекеттен арнайы төлем алатыны белгілі. Енді осы санаттағы тұрғындар жәрдемақыны үйде отырып-ақ рәсімдей алады. Осыған арналған жаңа мемлекеттік қызмет Egov.kz порталында пайда болды.