Халық • 18 Сәуір, 2023
Жаңаөзендегі апат: Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Жарасы жазылмаған Жаңаөзен жұрты тағы бір апатты бастан өткерді. Бұл жолы қаладағы екіқабатты тұрғын үйдің бірінде жарылыс болып, соның салдарынан төрт адам қаза тапты.
Әлем • 18 Сәуір, 2023
Қарақшыларды қапы қалдырған жігіт
Әлеуметтік желілерде АҚШ-та тұратын Қазақстан азаматына қарақшылардың шабуыл жасағаны, ал отандасымыздың оларға тойтарыс беріп, қаруларын тартып алғаны түсірілген бейнежазба жарияланды. Оқиға желісін кейіпкер – Олжас Қаныбек Instagram парақшасында баяндады. Сыртқы істер министрлігі де осыған қатысты ресми мәлімет берді.
Әлем • 18 Сәуір, 2023
Мамыр айы Түркия үшін тағдыршешті кезеңге айналмақ. Анадолыдағы ағайын 14 мамырда Президент сайлауын өткізеді. Сарапшылар негізгі тайталас қазіргі Президент Реджеп Тайип Ердоған мен Кемал Кылычдароғлу арасында өтетінін айтады. Саяси бәсекеде кімнің аты оза шабатыны Түркия үшін ғана емес, Еуропаға да, әлемге де маңызды.
Оқиға • 18 Сәуір, 2023
Астаналық азамат жүкті әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды
Астана қаласының тұрғыны жүкті әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Экономика • 18 Сәуір, 2023
Релокация: Елімізге 24 компания келді
Осыдан бір жыл бұрын Сыртқы істер министрлігі Ресей нарығынан кеткен 362 ірі шетелдік компаниямен релокация бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған еді. Былтыр жыл соңында 62 компания оң жауап берді деп, сәл кейінірек 20-сының Қазақстанға орныққанын мәлімдеген. Биыл оған тағы 4 компания қосылды. Жақында «Egemen Qazaqstan» сауалына жауап берген ведомство қазіргі уақытта әлемнің 38 елінен 401 ірі компанияның тізімі құрылғанын, соның ішінде 66 компания бойынша нақты келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.