Білім • 21 Сәуір, 2022
Жоғары оқу орындарында білім алуға берілетін мемлекеттік грант саны тағы да артты. Былтыр 51 мыңнан 56 мыңға көбейген еді. Биыл бұл көрсеткіш 73 мыңға жетпек.
Білім • 21 Сәуір, 2022
Дәстүрлі шара биыл да ауқымдылығымен ерекшеленді. Екі күн қатарынан өткен «Марғұлан оқулары – 2022» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетімен бірлесе ұйымдастырылып, ғалымдар еліміздің археология саласындағы жетістіктер мен алда жоспарланған зерттеулерге зер салды.
Руханият • 21 Сәуір, 2022
Бүгінгі қоғам, әсіресе жастар ғалым, ағартушы, фольклортанушы Шоқан Уәлихановтың Орта Азия және Шығыс Түркістан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі миссиясы – қазақ халқының экономикалық, саяси және мәдени интеграцияда әлемдік этно-саяси қоғамдастыққа қосқан орасан зор еңбегі екенін жақсы білуге тиіс. Осы орайда ғалымның ғылыми жаңалықтары, ұстанымы мен еңбектері әрі қарай терең зерттеулерді қажет етеді.
Қоғам • 21 Сәуір, 2022
Жасыратыны жоқ, шалғай жатқан ауылдарға инфрақұрылым игілігі кеш жетеді. Жаңашылдықты сарғая күткен тұрғындар өзге өңірге қоныс аударып, елді мекендер елсіз қалатыны рас. Тұрғындарды тұрақтандыру мақсатында ілкімді істердің жедел қолға алынуы маңызды.
Қоғам • 21 Сәуір, 2022
Сенгеніміз «Астанаэнергосбыт» болса...
Елордалық үйлердің жылуы мен жарығын есептейтін «Астанаэнергосбыт» ЖШС үстінен тұрғындар жиі шағымданып жатады. Жақында астаналық тұтынушылардың өтініштері негізінде Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментпен бірігіп, кәсіпорынға тексеру жүргізіп, біраз заңсыздықтың бетін ашты.