Сұхбат • 20 Сәуір, 2022
Гүлназ Балпейісова: Классикада шекара жоқ. Шексіздік бар
Ол – қаршадайынан білім қуып барып, алып Мәскеуді мойындатқан талантты қазақ қызы. Мінезіндегі өткірлік пен бойындағы өр намыс оны әлемдік режиссураның алыбы, реформатор Римас Туминастың төл шәкірті етті. Бүгінде Мәскеудің Е.Вахтангов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының жетекші режиссерлерінің бірі ретінде табысты қызмет етіп жүрген талантты ару жақында Қарағандының С.Сейфуллин атындағы мемлекетттік академиялық драма театрында М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясын қойды. Премьерадан соң аядай ғана Шыңғырлау ауылынан түлеп ұшып, күллі Ресейді мойындатқан қаршадай қазақ қызы режиссер Гүлназ Балпейісовамен аз-кем тілдесудің сәті түскен еді.
Елорда • 20 Сәуір, 2022
Халықаралық кітап жәрмеңкесі ашылды
Аталған руханият жәрмеңкесі Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭКСПО Халықаралық көрме орталығында басталды. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екидже, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш және Ресей Кітап баспагерлері қауымдастығының президенті Константин Чеченев салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, айтулы шараны ашып берді.
Әдебиет • 20 Сәуір, 2022
Қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің Алматыдағы өзі 17 жыл (1968-1985) тұрған үйі 1991 жылы музей-пәтер болып ашылған еді. Алғашында Орталық Мемлекеттік музейдің бір бөлімшесі болса, кейіннен «С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешені» болып құрылды (1999). Ал 2015 жылдан бастап, Алматы қаласының музейлер бірлестігіне қарайды. «Мүсіреповтің музейдегі мұрасы» деген алғашқы мақаламды 1992 жылы жазған екенмін («Халық Кеңесі», 08.08.1992). 2002 жылы жазушының 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО Шешімімен, Үкімет қаулысымен кең көлемде аталып өтілетін қарсаңда музейде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, экспозициясы жаңадан жасақталған еді. Одан бері де 20 жыл өте шығыпты. Биыл Алматы қаласы әкімдігінің, Мәдениет басқармасының қолдауымен Ғ.Мүсірепов музейі әдеби бөлімінің экспозициясы қайта жаңартылып, заманауи технологиямен жабдықталып, жаңаша тыныс ала бастады.
Қазақстан • 20 Сәуір, 2022
Шерхан Мұртаза: Мемлекет дәулеті талапайға кетсін деген заң жоқ!
Бұл күндері жаңа Қазақстан құру жолында саяси жаңару мен жаңғыру мәселесі қоғамдық ортада жан-жақты қолдау табуда. Мемлекет басшысының Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдыру бастамалары мен идеялар тұжырымдамасының негіздері жалпы халықтың көңілінен шықты.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында қоршаған ортаны қорғау мәселесіне айрықша назар аударған болатын. Бес жыл ішінде орман алқабында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу міндетін жүктеген еді.