Аймақтар • 18 Сәуір, 2023
Бұқтырманың оң жағалауындағы күнгейді жайлаған елеусіздеу ауылды кезінде Каменка десетін. Оны біз тілімізге икемдеп, Кәмеңке деп кеткенбіз. Кейін етек-жеңімізді жиып, оң-солымызды таныған соң Мойылды деп қазақшаладық. Бәлкім, кержақтар көшіп келгенше, қойын-қолатында мойыл ағашы самсап тұрса керек. Жол жиегінде жайқалған аршаға қарап, «Аршалы» дей салса да жарасып кетер еді. Әй бірақ ауылдың атауын ауыстыра бергенін қайтейін, бүгінгі күнде жетпіс үйден жеті-ақ түтін қалыпты. Ертеңгі күні бұл отбасылар табан аударса, Мойылды да картадан сызылады.
Шаруашылық • 18 Сәуір, 2023
Өңір ауыл шаруашылығы көктемгі егіске қамданып жатыр. Әйтсе де көңілді қобалжытар өткір мәселелер бар.
Қазақстан • 18 Сәуір, 2023
Мұнайды әртараптандыру мүмкіндігі
Біздің мұнай экспортымыздың алтын кілті болып тұрған Каспий құбыр консорциумы (КТК) тағы да тоқтады. Құбыр желісі 10 сәуірден бастап қара май айдамай қалған және резервуарлық паркке қара май қабылдауды тоқтатқан. Мұны консорциум жоспарлы тоқтау деп түсіндірген. Жақында ғана ресейлік БАҚ мұнайдың, мұнай өнімдерінің, газдың, меркаптандардың жағымсыз иістерінің пайда болуына байланысты қолайсыз экологиялық жағдай туралы хабарлаған.
Ғылым • 18 Сәуір, 2023
Қазақ тілі ғылым тіліне айналса игі
Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру тек тіл ғалымдары атқаратын шаруа емес. Ғылымның әр саласындағы мамандар өзара ынтымақтаса отырып, ғылыми тілді жүйелеудің озық үлгілерін қаперге алуы қажет. Алматыда «Қазақ тілінің интеллектуалдық даму өрісі: ғылым және мәдениет» тақырыбында өткен ғылыми-теориялық конференция барысында сала мамандары қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі әлеуеті, тілдің дамуына кедергі болып отырған мәселелерді ортаға салды.
Білім • 18 Сәуір, 2023
Аттестаттау: сынақ па, сүріндіру ме?
Соңғы күндері аттестаттаудан өте алмай, сағы сынған мұғалімдердің жанайқайы көбейді. Орал қаласының өзінде бір күнде сыннан өткен 50 педагогтің 49-ы сүрінген екен. Бұлардың көпшілігі жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беріп жүрген тәжірибелі мамандар бола тұра, тиісті межеден көріне алмағаны қалай деген сұрақ туады.