Шахмат • 18 Сәуір, 2023
Дин Лижэнь таразы басын теңестірді
Астанада өтіп жатқан классикалық шахматтан әлем чемпионатының алтыншы партиясы қытайлық гроссмейстер Дин Лижэньнің айқын жеңісімен аяқталды. Сөйтіп, жарыстың алтыншы күнінен кейін қос шахматшы арасындағы бәсекеде есеп қайта теңесті – 3:3.
Ауыл • 17 Сәуір, 2023
Шалғайдағы Ш.Уәлиханов ауылы – етек-жеңі кең пішілген, 250-ден астам отбасы тұратын іргелі елді мекен. Ауыл тұрғындары әрқилы себеппен төскейін төрт түлік малға толтыра алмай, берекесі қашып отыр.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2023
2017 жылы мемлекеттілікті нығайтуды көздеген «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Бұл орталық ел аумағындағы жалпыұлттық киелі 100 нысанының тізімін ұсынды. Онда ерекше тағзым етілетін табиғи мұра ескерткіштері, археологиялық және архитектуралық ескерткіштер, ірі ортағасырлық қалалық орталықтар және Қазақ хандығының астаналары, діни және ғибадат орындары, тарихи тұлғаларға қатысты киелі орындар және саяси, тарихи оқиғаларға байланысты орындар нақтыланды.
Пікір • 17 Сәуір, 2023
Біз «Егемен Қазақстан» көшесінде тұрамыз. Үйіміз газет редакциясының іргесінде болған соң, келіп-кетер таксидің бәрі жұмыстың алдынан өтеді. Бұл таксишілер қауымы дегеніңіз әңгімешіл болады емес пе (әсіресе «саяси сауаты мықты»). Сегіз қабатты мекеменің сол баяғы «Егемен» екенін біліп, сонау алыс-алыс қыраттарда қалған бала шақта үстел үстінде жататын газетті еміс-еміс есіне түсіреді. Іле-шала «газет әлі шыға ма? Оны біреу оқи ма?» деп таңғалады. Тосын таңғалысына қоса миығындағы еріксіз күлкі де көрініп қалады. Енді бір кезде «сонда не жазасыңдар?» деп төбеден бір-ақ қояды. Сонда өзіңді ауадан көбелек аулап жүргендей біртүрлі сезінесің. Көз алдыңнан музейдегі қаңқасы қалған сүйкімді бір мамонт елестеп өтеді.
Алматы • 17 Сәуір, 2023
Зерттеу университеті және цифрлық медиа
Әлемдік журналистика және отандық медианың даму барысы, ақпарат тарату жылдамдығы, интернет басылымдардың бүгінгі беталысына қатысты мәселелер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Зерттеу университеті моделі: цифрлық медиадағы ғылым мен инновация» VI халықаралық журналистика форумы аясында талқыланды.