Оқиға • 21 Сәуір, 2021
Қостанай облысының Сарыкөл ауданында мұзды сең көшіп, күре жолдың үстін биіктігі 5 метр мұз үйіндісі басып қалды. Жолаушылардың бірі түсірген видеода көл бетінде жылжыған мұздың арнасынан асып, әп-сәтте жолдың үстіне таудай болып үйіліп қалғанын көруге болады. Алып мұз кесектері жолында тұрған электр бағандарының бірін құлатып кеткен.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2021
Атауының өзі сөйлеп тұрады ғой қазақ жерінің. Талдыапан, Сарықұдық, Күтір, Ащысай, Қарасу, Ақкөл...
Аймақтар • 21 Сәуір, 2021
Қай елдің сардарларын даярлап жүрміз?
Жуырда Петропавл қаласында орналасқан Ұлттық ұланның Әскери институты С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханамен бірлесіп, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық семинар өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – елдің ертеңі болатын курсант-жастарға ғибрат аларлық ақпарат беру, тәуелсіздіктің қадірін ұқтырып, оның нығая беруіне қызмет етуге үндеу. Сөз сөйлеушілердің бірі ретінде бізді де шақырған екен.
Білім • 21 Сәуір, 2021
Докторантураға түсу кезінде шығармашылыққа көңіл бөлінеді
Докторантураға түсу емтихандары биыл алғаш рет электронды форматта өтеді. Үміткерлер докторантурада оқуға дайындығын тексеру үшін тест, білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихан тапсырып, компьютерде эссе жазатын болады. Бұл туралы ведомствоның аппараттық кеңесінде Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов мәлімдеді.
Қоғам • 21 Сәуір, 2021
Құбырдағы судың сапасы қандай?
Май ауданы топтық су құбырындағы судың сапасы барлық талаптарға сәйкес келеді, яғни ауыз су ретінде пайдалануға жарамды. Мұндай қорытындыны Павлодар облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы Май аудандық бөлімшесінің сарапшылары жасады.