Бұл оқиғаны «Қазавтожол» компаниясының облыстық филиалы да растады. Олардың айтуынша, мұз көшкіні қатты желдің салдарынан болған.
– Бұл күре жолдың 713-ші шақырымында, Севастопольский кентінің жанында болған жағдай. Ондағы көпір өткен жылы салынған. Көпірдің астындағы су оңнан сол жаққа қарай ағып жатыр. Кеше сол жақтан оң жаққа қарай, яғни ағынға қарсы соққан қатты жел салдарынан Вишновое көліндегі мұз көтеріліп, жолға шығып кеткен. Осыған байланысты, жолда биіктігі 5 метрге дейін жететін, ұзындығы 500 метрлік мұз үйіндісі пайда болды, – деді «Қазавтожол» ҰК» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Андрей Горват.
«Қазавтожол» мамандары мен жергілікті органдар түні бойы жол үстін мұздан аршумен болған. «Қазір жеңіл көліктер үшін жол ашық. Бір-екі сағаттан соң мұз басып қалған тұстан жүк көліктері де өте алады», деді А.Горват.
Қостанай облысы