Қоғам • 21 Сәуір, 2021
Әлемде өріс алып бара жатқан жаһанданудан қашып құтылмаймыз. Жаһандану – елдер экономикасы, саясаты мен мәдениетінің бірігуін күшейтеді. Пайдасы да көп, зияны да жетерлік. Көп пайда әкелетін саласы – экономика мен индустриялық даму. Яғни халықаралық бәсекелестікке жол ашады.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2021
Қоғамдық көліктегі қордаланған мәселе
Семейде қалаішілік автобустардың кестеге сәйкес жүрмеуіне халық наразылық білдіріп келе жатқаны белгілі. Сондықтан болса керек, жуықта Семей әкімдігі мен «Semey Bus» ЖШС өкілдері екі арадағы келісімшартты тоқтататын болды. Ал «ҚДБ-лизинг» АҚ кәсіпорынның дефолтын жариялады. Енді қала басшылығы келесі конкурсты өткізіп, жаңа тасымалдаушымен келісімшарт жасасқанға дейін «Семавтопарк» ЖШС жұмысқа кіріседі.
Білім • 21 Сәуір, 2021
Мықты аймаққа – мықты университет
«Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында нақты айтты. Талай даналар мен дараларды білім көкжиегіне шығарған, қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің есімін иемденген Оңтүстік Қазақстан университеті – өзінің қайталанбас, ерен естелікке толы 78 жылдық тарихында білім мен ғылымның қиын да, күрделі жолдарынан өтіп келеді.
Қоғам • 21 Сәуір, 2021
Малын бағар жайылымы жоқ шаруа қайтіп күн көрер?!
Халқы тығыз орналасқан Түркістан өңірінде жер дауы жиі кездеседі. Жер үшін жаға жыртысып, тіпті ауыр қылмысқа барғандар да баршылық. Жауаптылардың жерді заң талаптарын бұза кезексіз, тиісті құжаттарсыз бөлуі, мақсатын өзгерту, сауда-саттықсыз беруі – жиі кездесетін жағдай. Заңсыздыққа жол бергенімен, жауапқа тартылмаған әкімдер жетерлік.
Экономика • 21 Сәуір, 2021
Армениялық көліктерге салық екі рет салынбайды
Былтыр ақпанға дейін Армениядан көлік әкеліп, елімізде есепке қойған қазақстандықтар салалық заңға сәйкес, көлік салығын төлеуі тиіс.