Экономика • 21 Сәуір, 2021

Армениялық көліктерге салық екі рет салынбайды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр ақпанға дейін Армениядан көлік әкеліп, елімізде есепке қойған қазақстандықтар салалық заңға сәйкес, көлік салығын төлеуі тиіс.

Армениялық көліктерге салық екі рет салынбайды

2006 жылғы Табыс пен мү­лiк­ке салынатын салыққа қатыс­ты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияның ережелеріне сәйкес, Қазақстан мен Армения қаржы министрліктері қосарлан­ған салық салудың алдын алу мақсатында көлік құралдарына салық салу бойынша өзара уағдаластыққа қол жеткізді.

«Еліміздің азаматтары Қазақ­­станның аумағына әкел­­ген автокөліктер бүгінге дейін Арменияның уәкілетті орган­­дарында тіркеу есебінен шыға­рылмаған соң, екі мемлекет те осындай көлік құралдарына салық салуға хақылы.

Тиісті келіссөздер нәтиже­сінде Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелініп, меншік құқығы бойынша Қазақстанның резиденттеріне тиесілі автокөліктерге конвен­цияның 21-бабы 4-тармағына сәйкес, еліміздің Ішкі істер министрлігінде тіркеу есебіне қойылған сәттен бастап, ұлттық заңнама бойынша Қазақстанда ғана салық салынады. Бұл мақсатта екі мемлекеттің салық органдары елімізде тіркелген күнін көрсете отырып, осы көлік құралдары бойынша мәліметтер алмасатын болады. Мұндай көлік құралдарына қосарланған салық салу мәселесі туындамайды», деді Қаржы министрлігінің өкілдері.

Салық кодексінің нормаларына сәйкес, көлік салығын төлеу мін­деті жылжымалы мүлікті Қа­зақ­станның мемлекеттік ор­ган­­дарында есепке қойған күн­нен бастап жүктеледі. Атап айт­қан­да, егер де көлік құралы был­тыр қа­рашада тіркелсе, биыл­ғы сәуір­ден кешіктірмей 2020 жыл­дың қа­раша-желтоқсан аралы­ғына бай­ланысты бюджетке кө­лік са­лығын төлеу қажет. Бұл мін­­дет орын­далмаған жағдайда әр өт­кі­зілген күн үшін өсімпұл есептеледі.