Тарих • 17 Сәуір, 2023
Уақыт шымылдығы қанша бүркемелесе де, қанға боялған кесапаттың ізін жасыра алмайды екен. Арада қанша уақыт өтсе де...
Қоғам • 17 Сәуір, 2023
Шымкент каласындағы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивінде сақталған құжаттарды зерделеу негізінде жергілікті халық көтерілістеріне қатысты құнды, көпшілікке әлі де белгісіз болып келген материалдар анықталды. Солардың ішінде бұрындары әр жерде естіліп қалатын, бірақ нақты айтыла бермейтін, 1930 жылы орын алған «Сайрам оқиғасы».
Спорт • 17 Сәуір, 2023
Кешенге Омаровтар есімі берілсе
Кезінде ағайынды Махмұт, Мақсұт Омаровтар спорт сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Ағайынды қос саңлақ Қазақ елі спортының көш басында жүрді. Мыңдаған жанкүйер ағайынды Омаровтардың боксын көру үшін Алматының спорт ареналарына қарай лек-легімен ағылып жататын. Ол кезде Қазақстанда қазақтың үлесі кем. Мәскеудің отаршыл саясатының салдарынан ұлтымыздың рухы жаншылып, еңсесі түскен бір кезең еді. Сол тұста, яғни 1947 жылы қазақ боксының атасы Шоқыр Бөлтекұлының қаршығадай ғана шәкірті Махмұт Омаров КСРО чемпионатының ең бірінші медалін Қазақстанға алып келді. Бұл тарихи жеңіс болатын. Одан кейін де Орталық Азия мен Қазақстан жарыстарында талай мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.
Футбол • 17 Сәуір, 2023
«Ел-Класико»: «Қайрат» «Астананы» тізе бүктірді
Футболдан ел чемпионатының кезекті тур ойындарында жанкүйерлер бірқатар тартысты кездесудің куәсі болды. Атап айтқанда, футбол сүйер қауым екі күнге жалғасқан матчтарда ел арасында «Ел-Класико» деп аталып кеткен «Астана» мен «Қайрат», биылғы чемпиондықтан негізгі үміткерлер – «Ордабасы» мен «Тобыл» секілді клубтардың бәсекелерін тамашалады.
Кәсіпқой бокс • 17 Сәуір, 2023
Қазақтың жас кәсіпқой боксшылары Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) мен Бек Нұрмағанбет (8-0, 6 КО) өздерінің келесі жекпе-жектерін мұхиттың арғы бетінде өткізіп, кезекті жеңістеріне қол жеткізді.