Хоккей • 17 Сәуір, 2023
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды. Бірер айдан кейін Финляндия мен Латвияда жалауы желбірейтін әлемдік додаға жерлестерімізді Ғалым Мәмбетәлиев бастап барады.
Теннис • 17 Сәуір, 2023
Кинг кубогіне кімдер қатысады?
Теннистен Билли Джин Кинг кубогі аясындағы командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің матчтары өз мәресіне жетіп, финалдық кезеңге жолдама алған барлық құрама белгілі болды.
Фотогалерея • 17 Сәуір, 2023
Қостанайда суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» атты көрмесі ашылды. Облыстық сурет галлереясына қылқалам шеберінің 60 шақты туындысы ілінген. Ақ кенепке тамған қара бояудың бәрі сөйлеп тұр десе болады. Әр туындының өз үні, өз жүгі бар: бірі қазіргі қоғамды алаңдатып отырған сан алуан келеңсіз дүниелерді мінейді, енді бірі қоғам назарын бала тәрбиесінде кетіп жатқан кем-кетік мәселелерді меңзейді.
Төтенше жағдай • 17 Сәуір, 2023
Төтенше оқиғадан 4 тұрғын қаза болды
Жаңаөзен қаласында төтенше оқиға орын алды. ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаладағы 2 қабатты тұрғын үйде жарылыс болып, тұрғындар қираған үйдің астында қалған.
Құқық • 17 Сәуір, 2023
Астанада «Қазақстан Республикасының жалпы әкімшілік құқығы» атты кітабының тұсауы кесілді. Туынды авторы – заң ғылымдарының докторы Роман Мельник. Салтанатты іс-шара еліміздегі белгілі оқу орындарының бірі Мaqsut Narikbayev University-інде өтті.