Шаруашылық • 17 Сәуір, 2024
Cәуір келгелі жетісулық шаруаларда тыным жоқ. Дала төсі дүбірге бөленіп, өңірде еңбек көрігі қызып жатыр. Биыл барлығы 117 653,4 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Сондықтан диқандар техника және субсидия жағынан мемлекет тарапынан қолдау күтеді.
Энергетика • 17 Сәуір, 2024
Төтенше тыйымның төркіні неде?
«Қазақстан энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қауымдастығы» осы сәуір айында еліміздің энергия нарығында құлдырау болуы мүмкін деп дабыл қағып жатыр. Бұған саладағы 140-тан астам ұйымның қызметіне тыйым салу себеп болатын көрінеді. Қауымдастық төрағасы Сергей Агафонов 2024 жылғы 1 сәуірден бастап энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметіне тыйым салынатынын айтып, бұл мерзім ақылға сыймайды және ешқандай сынға да жауап бере алмайды деп мәлімдеді.
Пікір • 17 Сәуір, 2024
Елімізде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық, әсіресе кейінгі уақытта әлеуметтік өткір мәселе ретінде қарала бастады. Күні кеше қабылданған заңда сарапшылардың барлық ұсынысы мен қарапайым азаматтардың өтініші Президент тарапынан қолдау тапты.
Құқық • 17 Сәуір, 2024
Ана мен баланы қорғау – ел жауапкершілігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қос заңға қол қойды.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Түркістаннан техникалар жіберілді
Cу басқан аймақтарға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында Түркістан облысында жауапты басқармалардың үйлестіруімен, Атырау облысына 160-қа жуық техника жолданды. Аталған техникалар Дарбаза, Түркістан, Манкент, Арыс стансаларында вагон-платформаларға тиеліп, Атырау стансасына «ҚТЖ» ҰК-ның белгіленген кестесіне сәйкес жеткізілді.