Қоғам • 20 Сәуір, 2022
Талай жылдан бері көпшілік үшін көкейкесті мәселеге айналған өңірдегі шайынды сулардың жағдайы әлі реттелмей келеді. Тараз қаласынан шыққан қалдық сулар облыс орталығымен іргелес жатқан Жамбыл ауданының аумағына жайылуда. Оның қолқаны қапқан күлімсі исінен бұл күнде жергілікті жұртшылық та зәрезап болған.
Қоғам • 20 Сәуір, 2022
Әлеуметтік жобаның мақсаты – инклюзивті қоғамды дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру, қоғамда әлсіз топтардағы азаматтарды кемсіту деңгейін төмендету, мүгедектігі бар қазақстандықтардың теңдігі, мүмкіндіктері бойынша диалогты ұйымдастыру, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Қоғам • 20 Сәуір, 2022
Басшылардың басым бөлігі бұқараның мәселесін білмейді
Қазіргі кезде Тараз қаласын одан әрі дамыту мақсатында өңірде кешенді жоспар құрылып, жүйелі жұмыстар жүріп жатыр. Аймақта қолға алынған «Асарлатып үй салу», «Жомарт жүрек», «Таразға тарту» сияқты жобалар да өз жемісін беруде.
Қаржы • 20 Сәуір, 2022
Қазақстанда барлығы 9 банкте тарату үдерісі жүріп жатыр. Олардың салымшыларына кепілдік берілген өтем сомасының 98%-дан астамы төленген. Бұл шамамен 113,1 млрд теңгені құрайды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мамандары кепілдік берілген өтемді төлеу және талап етілмеген өтем сомаларын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібін түсіндірді.
Қаржы • 20 Сәуір, 2022
Пенде болған соң тірлікте түрлі тәуекелдермен бетпе-бет келу заңдылық. Бірақ тәуекелдердің де алдын алуға болатын талай тәсіл бар. Соның бірі – сақтандыру. Сақтандыру құралдары адамды қаржылық тұрғыдан қорғайтын «қауіпсіздік жастықшасы» секілді. Олар тәуекелдердің салдарын азайтып, қауіптің қара бұлтын сейілтеді.