Қоғам • 17 Сәуір, 2023
Тиянақсыз мердігер тендерді қалай ұтады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтуды тапсырған еді. Өңірде қазір 177 елді мекен таза ауыз суға жарымай отыр.
Алматы • 17 Сәуір, 2023
Елімізде заңсыз иелікке өткен жер телімдерін халық игілігіне қайтару ісі жалғасып жатыр. Жақында Алматы облысының прокуроры Берік Адамовтың төрағалығымен жер заңнамасын сақтау мәселелері бойынша алқа отырысы өтіп, басқосуда жерді тиімді пайдалану мен заңсыз алынған жерлерді қайтару тақырыптары талқыланды. Нәтижесінде Алматы облысының аумағындағы заңсыз жекешеленген және пайдаланылмай жатқан бірқатар нысан мемлекет меншігіне қайтарылды.
Экономика • 17 Сәуір, 2023
Шығыс қақпасы: Кедендегі кептеліс азая ма?
Қазір елдің қай шекарасында болсын кедендік тексерісті күтіп, қаз-қатар тізілген көліктер тұрады. Әсіресе Қазақстан мен Қытай арасындағы «Қорғас» шекара бекетінде сағаттап кезекте тұрған жүк көліктері жүргізушілерінің шағымы орынды. Бұл мәселе мемлекеттік дәрежеде қозғалса да, түбегейлі шешілмей келеді. Жақында екі елдің делегациясы «Қорғаста» қайта кездесті. Келіссөздердің нәтижесі қандай? Кедендік шекарадағы кептеліс қашан азаяды?
Ауыл • 17 Сәуір, 2023
Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгіновтің Қызылорда облысына жұмыс сапары Шиелі ауданындағы білім, медицина ұйымдары жұмысымен танысудан басталды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Алтай Сейдірұлына саладағы мәселелерді таныстырып өтті.
Үкімет • 17 Сәуір, 2023
Премьер-министр Ә.Смайылов өткен аптада Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барып, Жезқазған мыс зауытында, Анненск кенішінде, Жезқазған жылу-электр орталығында, Сәтбаев орталық ауруханасында болды. Бұдан басқа да нысандарды аралап көріп, жұртшылықпен кездесіп, пікір алмасты. Сапар соңында орталық мемлекеттік органдар және өңір әкімдігі басшылары қатысқан Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді.