Таным • 20 Сәуір, 2021
Атлах-Талас шайқасы (Ұлы жеңіске 1270 жыл толуына орай)
(Соңы. Басы 72-нөмірде) Адамзат тарихы ұлттар мен мемлекеттердің қалыптасу тарихы жөнінде азды-көпті сауаты бар қалам иелері өткен тарихқа бүгіннің, онда да саяси биліктің емеурінімен баға беруге болмайтынын түсіне, біле тұра әдепсіздікке, тіпті озбырлыққа көзжұма қарап, отаршылдық қанды жорықтарын әлдеқандай себеп-сылтаулар арқылы ақтап алғысы келетініне орыс-қытай империяларының қанды тарихын әспеттей жазғандарынан жақсы білеміз.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2021
Сауда орталығындағы екпе кабинеті
Қостанай қаласындағы Kostanay Plaza сауда-ойын-сауық орталығында коронавирусқа қарсы вакцина егетін кабинет жұмыс істей бастады. Бұл – облыстағы ең алғашқы жылжымалы екпе пункті. Кабинетте қаладағы №3 емхананың арнайы даярлықтан өткен дәрігерлері қызмет көрсетеді. Мұнда күніне 300 адамға дейін вакцина қабылдай алады.
Қоғам • 20 Сәуір, 2021
Қазақстанда отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі республикалық фронт-офис өз жұмысын бастады. Бұл туралы EN BAQYTTY El қоғамдық қорының директоры Кәмила Сүлейменова «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институттандыру» жобасының басталуына арналған онлайн баспасөз-конференциясы барысында хабарлады.
Қоғам • 20 Сәуір, 2021
Ұжымдық иммунитет үшін вакцина салдыруда
Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін Шымкент қаласында вакцина салдыру көрсеткіші арта түсуде. Бүгінде медицина, білім беру, құқық қорғау саласы қызметкерлерінен тыс қала тұрғындары жаппай екпе ектіруге көшті. Бұл үшін шаһардағы денсаулық сақтау мекемелеріндегі белгіленген ғимараттардан тыс сауда орталықтарынан вакцина салдыру пункттері ашылады. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлім етті.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2021
Тәуелсіздікке қол жеткізіп, ел еңсесін енді тіктеген тұста аяққа оралғы болып, алаңсыз өмір сүруге, жұмысыңды емін-еркін атқаруға мүмкіндік бермей коронавирус деген одыр індет қала мен ауылдың арасына дендей кіріп барады. Өткен жылы талай жақсыларымыз бен жайсаңдарымызды, жақындарымыз бен дос-жарандарымызды бірінен соң бірін баудай түсіріп, қара жер қойнына тықты. Сол сияқты беті әрмен жамандықтар биыл тағы қайталанып жатқанын көз көріп, құлақ естіп, ел-жұрттың зәре-құтын қашыруға айналды.