Қоғам • 20 Сәуір, 2021

Құндылықтарды насихаттайды

322 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі республикалық фронт-офис өз жұмысын бастады. Бұл туралы EN BAQYTTY El қоғамдық қорының директоры Кәмила Сүлейменова «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институттандыру» жобасының басталуына арналған онлайн баспасөз-конференциясы барысында хабарлады.

Құндылықтарды насихаттайды

Түрлі форматта онлайн-семинарлар мен тренингтер өткізу арқылы фронт-офис жұмысы жастарға консультациялық кө­мек көрсетуге бағытталатыны белгілі болды. «Отбасы-неке қаты­настары мәселелері бойынша жастарға және отбасыларға консультациялық қызмет көрсету бойынша арнайы әдістемелік оқулықтар шығару жоспарлануда. Нәтижесінде, отбасылық құн­дылықтарды нығайту, отбасын біріктіру және психологиялық сау қоғамды дамыту маңыздылығы туралы ақпараттандырылған азаматтардың саны артады»,  деді Камила Сүлейменова.

Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов жобаның басталғанын ресми түрде жариялады. Ол құттықтау сөзінде: «Жастардың ағартушылық қызметін әлеуметтік желілер, Yоtube арнасы арқылы жүргізу және жобаның барынша көп қатысушыларын қамтуға және қазақстандықтарға отбасылық құндылықтарды дарытуға күш салу қажет», деп отбасы институ­тын дамыту мен нығайтуда жо­ба­ның маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға БҰҰ-ның Қазақ­стан­дағы халықтың қоныстануы сала­сындағы қорының (ЮНФПА) атқарушы директоры Райым­бек Сисемалиев қаты­сып, «Жас­өспірімдер мен жас­тардың ре­продуктивті денсау­лығын қорғау – жас отбасы ден­са­у­лы­ғы­ның маңызды фактор­ларының бірі» тақырыбында баяндама жасады.

«Қазақстан Әкелері» рес­пуб­ликалық әкелер қауымдастығының төрағасы Аманғос Құлов бас­па­сөз конференциясы барысында отбасылық дәстүрлер мен от­ба­сылық құндылықтарды қа­лып­­тастырудағы ерлер мен әке­лердің рөлі туралы айтып берді.  «Отбасының беріктігі мен тұрақ­ты­лығы көбінесе отбасының бас­шысына – ер адамға байланысты, сондықтан біз білім беру мекемелерінде саналы әке болу тақырыбында жастармен және жасөспірімдермен іс-шаралар өткіземіз»,  деді Аманғос Құлов.

Қазақстан медиаторлар қа­уымдастығының атынан сөз алған Ақнұр Жұмабаева «Отбасындағы жанжалды жағдайларды ше­шу­дегі медиативтік техно­ло­гиялар» тақырыбында ой қозғады.

JANYM қоғамдық бірлес­ті­гінің атқарушы директоры На­талья Клюжина жас жұбайларға, жасөспірімдерге, жастарға неке қиғанға дейін саналы түрде ер­лі-зайыптылық тақырыбында ағарту жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы туралы баяндама жасады.

Іс-шараға Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының өкілдері, жоба серіктестері жә­не басқалар қатысты. Жоба Аза­мат­тық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бағдарлама үйлестірушісі – «EN BAQYTTY EL» қоғамдық қоры.

Барлық сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласыңыз: +7 701 642 7008, +7 701 242 70 93.