Экономика • 23 Сәуір, 2020
Қазақстандық Wooppay компаниясы Тәжікстан нарығына кірді
Wooppay Орталық Азияда өз қызметін кеңейтуде. Қаржы технологиясы компаниясының заманауи қаржылық өнімдермен қамтамасыз ететін үшінші елі Тәжікстан болды. Кеңсе Худжанд қаласында ашылды.
Қазақстан • 23 Сәуір, 2020
Елжан Біртанов санитарлық-эпидемиологиялық қызметке кадр дайындау бойынша кеңес өткізді
Селекторлық режимде өткен кеңеске аталған ведомствоның вице-министрлері, құрылымдық бөлімшелер мен ұйымдардың басшылары, медициналық ЖОО ректорлары, ғылыми орталықтар директорлары және салаға қатысты өзге де ұйым өкілдері қатысты. Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қызметті кадрлармен қамтамасыз ету үшін қысқа әрі орта мерзімдерге арналған шараларды ұсынды. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирус • 23 Сәуір, 2020
Алматы облысында тағы 3 адам індет жұқтырды
Бүгін Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарының 1979, 1983 жəне 1969 жылы туған тұрғындарының індет жұқтырғаны анықталды.
Экономика • 23 Сәуір, 2020
«Қазақстанда жасалған» жеңілдетілген бағдарламасы іске қосылды
«Қазақстанда жасалған» ауылшаруашылығы техникасының лизингісі бойынша қаржыландырудың жеңілдетілген бағдарламасы іске қосылды.
Экономика • 23 Сәуір, 2020
БҰҰ Даму Бағдарламасы «жасыл» жобаларды қаржыландырады
Қазақстанда шағын және орта бизнес өкілдерде энергия үнемдеу технологияларын дамытуға және жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша жобаларды іске асыруға қаражат алуға мүмкіндік бар. Елде қаржыландырудың тиісті бағдарламасын Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) қаржылық қолдауымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) жүзеге асырады.