Қысқа мерзімде шаралар аясында бакалавриаттағы 120 түлекті санитарлық дәрігерлікке (эпидемиологтар), қоғамдық денсаулық сақтау мамандығына және гигиенашылыққа мамандандыру ескерілген. Ол үшін студенттер эпидемиологияның қосымша сағаттарын игеруі тиіс.
Министрлік қысқа мерзімде эпидемиологиялық қызмет бойынша 300 маманды қайта даярлауды және 9 мың медицина қызметкерінің біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, орта мерзімдегі шаралар аясында үшінші курстан бастап білім беру траекториялары тұрғысында (эпидемиология және гигиена) «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттерінің профилизация шарасы ұсынылды. Бейінді магистратурада эпидемиология, гигиена, денсаулық сақтаудағы менеджмент мамандықтары бойынша даярлау жоспарлануда. Докторантурада ғылыми-педагогикалық кадрларды мақсатты даярлау жалғасады. ⠀
Кеңес барысында республикалық сарапшылар кадрлар даярлауды реформалау және санитарлық-эпидемиологиялық салада қызметкерлердің әлеуетін арттыру бойынша шаралар жоспарын талқылады.