Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
30 мыңға жуық ағаш көшеті егілді
Елімізде басталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сыр өңірі жұртшылығы «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық науқанына жұмыла кірісті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақ тұрғындарын бастамаға белсене қатысуға шақырған үндеу жариялады.
Қоғам • 16 Сәуір, 2024
Ғасыр саңлағы, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай таутұлғаның туған жері – Баянауыл ауданында «Қазақтың Қанышы» атты рухани іс-шара өтті.
Мәселе • 16 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік сатып алулар туралы заң жобасын пысықтауды тапсырған болатын. Үкімет басшысының айтуынша, квазимемлекеттік сектордағы отандық тауарлардың үлесін арттыра отырып, сатып алуды түбегейлі оңайлату және жеделдету қажет. Олжас Бектенов қолданыстағы рәсімдер көбіне мемлекеттік сатып алу үдерістерін әдейі кешіктіруге әкеліп соқтыратынын, соның салдарынан жаңа жобаларды іске асыру және тұтастай алғанда экономиканың дамуы баяулайтынын атап өтті.
Бокс • 16 Сәуір, 2024
Үш боксшымыз үздіктер қатарында
Жуырда Boxrec.com порталы әуесқой боксшылардың әлемдік рейтингін жариялады. Бізді бір қуантып отырған жайт, 80 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасып жүрген қазақтың үш бірдей гүрзі жұдырықты жігіті үздіктер тізіміне енді.
Қаржы • 16 Сәуір, 2024
Онжылдықты жоғалттық па, жоғалтпадық па?
Жақында (ДБ) 2012-2022 жылдарды Қазақстан экономикасы үшін «жоғалған онжылдық» деп атады. Дәл осы жылдары елде үдемелі индустриялық-инновациялық даму және басқа да көптеген бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылды. ДБ сарапшылары бұл бағдарламаларға триллиондаған теңге жұмсалғанын айтып, «пайдасыз шығынға кім кінәлі?» деген сұрақты төтесінен қойып отыр. Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Дүниежүзілік банк көзқарасымен келіспейтінін айтты. Тәуелсіз сарапшылардың пікірі екіге жарылды.