Елбасы • 20 Сәуір, 2021
30 жыл дегеніміз тәуелсіз мемлекет үшін көп уақыт емес. Тәуелсіздік алған күннен бастап жаңа жағдай, сол жағдай ерекшеліктерін көлденең тартқан мүлде басқа мемлекеттік ахуал қалыптасты. Геосаяси кеңістігімізді қайтадан қалыптастыру процесіне жаңа көзқараспен қарауға қажеттілік туды.
Экономика • 20 Сәуір, 2021
Жуырда 2021 жылдың наурыз айындағы халықтың инфляциялық ықтималдылығы бойынша Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский түсінік берген-ді.
Спорт • 20 Сәуір, 2021
Бабындағы балуандардың бәсі басым
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында күрестің үш түрі бойынша өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Алты күн бойы спортсүйер қауым шиеленіске толы бәсекелер мен жан алысып, жан беріскен айқастардың куәсі болды. Бұған дейін біз отандық грек-рим күресі шеберлері мен әйелдер арасындағы сайыстың қандай нәтижемен аяқталғаны жайында егжей-тегжейлі баяндаған едік. Бүгін еркін күрестен өткен бәсекеге кеңірек тоқтала кетуді құп көріп отырмыз.
Руханият • 20 Сәуір, 2021
«Талантты адамдардың «тәтті тамұғынан» буырқанып, бұлқына шыққан сәтті туындыларына таңғалмақ керек. Жанды картинаға, жақсы өлеңге һәм тәуір шығармаға таңғалу екібастан дұрыс. Әрі өз басыңа бұйырмаған өнерді басқа бір замандасыңнан көріп, тамсана таңғалуың заңды құбылыс сияқты. Яғни бұл да белгілі бір деңгейде мәдениеттіліктің белгісі дейміз. Алайда уақыт өте келе жақсыға таңғалудың жөні мен жосығы да өзгереді екен».
Қоғам • 20 Сәуір, 2021
Соңғы үш айда жол-көлік апатынан 363 адам көз жұмған. Ал жарақат алғандардың саны 3600-ден асады. Жыл басталғалы бері елімізде 2621 жол-көлік апаты тіркелген. Бұл – жол үстінде биыл ғана тіркелген қасіретті сандардың бір бөлігі ғана.