Экономика • 20 Сәуір, 2021

Инфляция күшейе ме?

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда 2021 жылдың наурыз айындағы халықтың инфляциялық ықтималдылығы бойынша Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский түсінік берген-ді.

Инфляция күшейе ме?

Оның айтуынша, наурыз айын­да жүргізілген сауалдама қоры­тындысы бойынша, халықтың инфля­циялық ықтималдылығы 0,2%-ға өсті. Олардың бір жыл алға сандық баға­сы 6,9%-ды құрады (ақпанда – 6,7%). Алдағы 12 ай ішінде бағаның қазіргі өсу қарқынының сақталуын немесе оның әлдеқайда көтеріле түсетінін күтетін респонденттердің үлесі 44%-ға дейін артты (ақпанда – 42%) (1-кесте).

Инфляцияны бағалауда баға­ның өте жоғары болатынын атап өткен респонденттердің үлесі 46%-ға дейін төмендеді (ақпанда 53%).

Әдеттегідей, сауалдамаға қатыс­қан­­­дар­дың басым көпшілігі (88%) азық-түлік бағасының өсе­тінін ай­тады. Сонымен бірге азық-тү­лік­ке жатпайтын тауарлар баға­сы көте­рі­леді деп белгілеген респон­дент­тердің үлесі артты: 2021 жыл­дың ақпан айындағы 3,3%-дан нау­рыз­да 4,5%-ға дейін және қыз­мет­терге – 2,5%-дан 3,4%-ға дейін (2-кесте).

1

Қазіргі қаржылық жағдайды бағалау теріс аймақта сақталып отыр. Наурызда пессимистік жауаптардың үлесі ақпандағы 35,5%-дан 36,2%-ға дейін өсті. Болашақ қаржылық жағдай­ға қатысты оң бағамдау басым, нау­рыз айында олар 38%-ға дейін өсті (ақпанда – 37%). Халықтың көлемдеп сатып алуға дайындығы өткен аймен салыстырғанда оң бағалардың өсуі есебінен біршама жақсарды: ақпан айындағы 13%-дан наурыз айында 15%-ға дейін.

2021 жылдың наурыз айында экономиканың дамуы бойын­ша қысқамерзімді және ұзақмерзім­ді болжам екінші ай қатарынан нашар­лай түсті, дегенмен оң ай­мақта қалып отыр.