Руханият • 19 Сәуір, 2021
Қасиетті Рамазан айының берекеті – таңғы сәресін ішу. Қазақша айтқанда, «ауыз бекіту» асы. Бұны арабша «сухур» дейді. Сәресі уақытында өте көп берекеттер бар, - дейді ислам ғұламалары. Өйткені, қасиетті айда сәресін ішу тек мұсылман баласына нәсіп болған. Мұндай берекелі ас басқа кітап иелеріне бұйырмаған.
Елорда • 19 Сәуір, 2021
Елорданың кәсіпкерлік субъектілері 35 млн теңгеден астам айыппұл төледі
Елорданың кәсіпкерлік субъектілеріне шектеу шараларын бұзғаны үшін 40 млн теңгеден астам сомаға 200-ден аса айыппұл салынды. Бұл — осы жылдың басынан 16 сәуірге дейінгі аралау барысында қолданылған шара. Мұндай жазаға қарамастан біраз мекеме жұртшылыққа қауіп төндіріп, карантин шараларын бұзуды әлі де жалғастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2021
СҚО-да көлігімен бала соғып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші табылды
Бұл ЖКО жуырда, күндізгі сағат 14:00 шамасында Қызылжар ауданының аумағында болған. «Петропавл-Жезқазған» автожолы бойындағы жаяу жүргіншілер өткелінде қызыл түсті «Mercedes-Benz» 10 жастағы мектеп оқушысын соғып кетіп, оқиға орнынан жасырынған.
Білім • 19 Сәуір, 2021
Цифрлы технологиялар, интеллектуалды шешімдер, жасанды интеллект, өзгермелі әлем білім беру саласының даму қарқынын да жеделдете түсті. Жаңа жағдай әр баланың дара қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Оқушының жеке даму траекториясын бақылауға, қажеттіліктерін анықтауға, ынталандыруға мүмкіндік беретін білім беру ортасы қоғамға қазір ауадай қажет.
Білім • 19 Сәуір, 2021
Серекбол Тоқмолдин: Қазақстан іргелі және қолданбалы ғылымымен дамиды
– Серекбол Жарылғапұлы, Президент табысты экономиканың негізі ғылымды қажет ететін технологиялар екенін айтып, осы бағытта ғылымның зияткерлік әлеуетін көтеру, инфрақұрылымды дамыту мен цифрландыру, әлемдік ғылыми кеңістікке ықпалдасу сияқты маңызды мәселелерге көңіл аударған болатын. Алайда қоғамды «Қазақстанда ғылым жоқ» деген пікірлер жиі мазалайды. Оған себеп болатын дәлелдер бар ма?