Парламент • 07 Сәуір, 2017
Еселенген жүктеме транзиттік жолды тоздыруда
Биылғы қаңтар айында Парламент Мәжілісінің депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысына іссапармен барып, жергілікті халықпен кездескен кезінде Сарыағаш, Абай, Қызыләскер елді мекендерінің маңында жол қатынасын реттеу мәселесі көтерілді.
Парламент • 07 Сәуір, 2017
Ауқымды шараның мазмұнына мән берсек...
Қазақстан халқының бірегей моральдық-адамгершілік қасиеттерін кеңінен дәріптеу мақсатымен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына арналған қоғамдық-саяси шараларды дайындау мен өткізу барысында олардың санына емес, сапасына, яғни мән-мазмұны жоғары болуына айрықша назар аудару қажет.
Парламент • 07 Сәуір, 2017
Үстіміздегі жылдың наурыз айында сенатор Владимир Редкокашин Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына депутаттық сауал жолдап, астаналық цирк қызметкерлерінің білімдері төмен, олардың көбінде орта арнаулы ғана білім бар, ал жоғары білімді мамандар мүлде аз екенін айтып, осы салада тіпті ғылыми-зерттеу жұмыстары мүлде қолға алынбағанын жеткізіп, министрден аталған мәселелерге назар аударуды сұраған және Қазақ Ұлттық өнер университетінің базасында цирк мамандарын даярлайтын факультет ашуды ұсынған.
Сөз магиясы – қазақ халқының тоқсан тоғыз тарау тұрмыс-тіршілігінде, дүниетанымында, яғни түйсік, қабылдау, елес, қиял, зейін, ойлау, сөйлеу, мақсаткерлік іс-әрекеттерімен, даналық, ізгілік, рухани сұлулық қасиеттерімен тұтастай жарасым тапқан айрықша бір көркем көрінісі.
Парламент • 07 Сәуір, 2017
Бүгінгі таңда Ақтау қаласы мен өңірге электр қуаты мен жылу беріп отырған негізгі энергия кешені – «Маңғыстау атом-энергия комбинаты» (МАЭК) ЖШС кәсіпорны. Осы кәсіпорын қазір қаржылық қиындықты бастан кешуде. Биылғы, 2017 жылдың соңында 4,7 млрд теңге бюджет тапшылығын көреміз бе деп отыр.