Бизнес • 07 Сәуір, 2017
Ауылшаруашылық жерлері жалға конкурстық негізде беріледі
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлжахан Бимендина айтты.
Медицина • 07 Сәуір, 2017
Солтүстік Қазақстан облысы биыл оңтүстіктен қоныс аударатын 300 отбасын қабылдауға дайын. Ол үшін 600 баспана, 1 мыңға жуық жұмыс орны мен 35 мың гектар егістік жер әзірленген. Шығыс Қазақстан облысының Рейдер және Шемонайха аудандарына көшіп келетін 150 отбасына тұрғын үй берілетін болады. Жалпы, бүгінде шығыс өңірінде бос жұмыс орны 2 мың 105-ке жетіп отыр. Сондай-ақ, Қостанай облысы биыл оңтүстіктен қоныс аударатын 30 отбасын қабылдауға ниетті. Ал Павлодар облысы 100 отбасы үшін 473 бос жұмыс орнын ұсынбақ.
Бизнес • 07 Сәуір, 2017
Мемлекет-жекеменшік әріптестігінің әлеуеті
Ел экономикасын дамыту мен ілгерілету ісінің бір көрінісін мемлекет пен жекеменшік әріптестігінің жолға қойылуынан анық аңғаруға болады. Бұл отандық шағын және орта бизнес өкілдерінің мәртебесін өсіріп, экономиканы ұлттық бағытқа бұрудың алғышарты ретінде сипат алып отыр. Жүктелген міндеттер бірқатар заңнамалық, салықтық құжаттарды да қайта қарап, ізгілендіруге жол ашты. Жалпы, саладағы өзгерістер мен жұмыс нәтижелері туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтен әңгімелеп беруді өтіндік.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2017
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде институттық реформалар шеңберінде мемлекеттік бақылау жүйесі еліміздің стратегиялық даму мақсаттарын іске асырудың маңызды құралы тақырыбына арналған республикалық семинар өтті.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2017
Реформалар жүзеге асырыла бастады
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен (ҚСЗИ) «Конституциялық реформа: жаңғыртудың жаңа дәуірі» тақырыбында сараптамалық кездесу болып өтті.