Үкімет • 07 Сәуір, 2017
Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті
Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері бойынша Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2017
Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады
Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты елімізде ауа райы құбылмалы болады, тек республиканың батысында және орталығында күн ашық. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі. Ал солтүстікте және шығыста көктайғақ әрі бұрқасын сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Қазақстан • 07 Сәуір, 2017
Шыұ өкілдері көрме қалашығын тамашалады
Кеше Астана қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының аясында өткен жиынға келген делегация ЭКСПО-2017 қалашығын аралады. Қонақтар көрмедегі ШЫҰ павильонымен танысып, Бірыңғай қызмет көрсету орталығының базасында болды.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2017
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 12-ші кездесуі өтті. Осы алқалы жиынның қорытындысы бойынша Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов пен ШЫҰ бас хатшысы Рашид Алимов баспасөз мәслихатын өткізді.
Парламент • 07 Сәуір, 2017
Қарыз мәселесі қызу талқыланды
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен Палатаның кезекті отырысында депутаттар үш мәселе төңірегінде талқылау жүргізді. Оның бірі – Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы болса, қалған екеуі – «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы.