Әдебиет • 10 Сәуір, 2023
Қайбір ұлы ақындардың жеке төлқұжатына айналған тақырыптары бар. Петрарканың Лаурасы орта ғасырда туып, бүгінге дейін Еуропа поэзиясының мінберінен түскен емес. Шығыстық символикалық ұғымдармен астасқан Ләйлә тақырыбы болса, бір мысқал құндылығын жоғалтқан жоқ. Ал Жұматай ақынның Ләйләсі... Бұл Шығыс ақындары сарынына ұқсамайды. Бұл нағыз ұлттық қынаптан шыққан, қазақы қоңыр қайнардың бірегей туындысы.
Әдебиет • 10 Сәуір, 2023
«Жүйрік атқа мінгенің бар ма?» деп басталатын жолдар бар, Жүсіпбек Аймауытовтың бір шығармасында. «Ақбілектің» орта тұсында болса керек. Жақсы ат жалындағы әсер мен желік, көңіл мен өмір туралы ондай нанымды жеткізген жазбаны оқымадық. «Дәмі ауыздан кетпейді» дегендей, арасында еміс-еміс еске түседі. «Жақсы ат құлағында бесті қымыздың желігі» бар деген сөзді де сонда оқығанбыз.
Спорт • 10 Сәуір, 2023
Алғашқы күні әнұран шырқалған жоқ
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Дүбірлі додада 22 мемлекеттен келген 400-ге тарта балуан бақ сынап жатыр. Солардың арасында әр жылдары Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында жүлде алған сақа спортшылар да бар. Жарысты әдеттегідей грек-рим күресі шеберлері бастады. Өкінішке қарай, алғашқы күні зәулім сарайда Қазақ елінің әнұраны шырқалмады.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2023
Спорт – өркениетті қоғам өмірінің айнымайтын бір бөлшегі. Спортпен айналыспайтын, оны мемлекеттік тұрғыда қолдамайтын мемлекеттер некен-саяқ. Мемлекеттік бюджеттен қомақты қаржы бөле отырып, өркениетті елдер өз спортшыларының өнерін жетілдіреді, жарыстарда жеңуін қалап, жанкүйер болып отырады.
Спорт • 10 Сәуір, 2023
Жексенбіде футболдан Қазақстан Премьер-лигасының бесінші туры аясындағы соңғы үш ойынды тамашаладық.