Өнер • 06 Сәуір, 2023
Дүниеде адам баласына ең керегі – еркіндік. Еркіндігің шектелсе, кешкен ғұмыр, сүрген дәурен сүреңсіз түске айналады. Оны жоғалтсаң, бәрін жоғалтуың мүмкін. Біз айтып отырған еркіндік – ессіздік немесе есалаң өмір кешу емес, жаның қалағандай, өз қалыбыңда шынайы өмір сүру. Бәлкім, ең үлкен күрес осы еркіндік үшін күрес шығар...
Сұхбат • 06 Сәуір, 2023
Қырғыз күресінің келешегі жарқын – Азат ЕРКІНБАЕВ
Кейінгі жылдары Қырғызстанның күресі жақсы дамып келеді. Қазіргі кезде балуандық өнерде бай дәстүрі бар алпауыт мемлекеттердің балуаны олармен санасады. Әсіресе грек-рим күресі шеберлерінің қарқыны күшті. Бір ғана мысал, 2021 жылы Токиода алауы тұтанған Олимпия ойындарында айыр қалпақты ағайындар бір күміске қол жеткізсе, былтыр Белградта ұйымдастырылған әлем чемпионатында екі алтын мен бір қоланы олжалап, жалпы есепте үздіктер қатарына қосылды. Таяуда Қазақстан күрес федерациясы баспасөз қызметінің мұрындық болуымен біз аталған елдің ұлттық құрама командасының бас бапкері Азат ЕРКІНБАЕВҚА жолығып, әңгімелескен едік.
Шахмат • 06 Сәуір, 2023
Кейінгі жылдары еліміздің шахматшы қыздары халықаралық турнирлерде жүлделі орындардан жиі көрініп, еліміздің жанкүйерлерін жарқын жеңістерімен қуантып жүр. Соның бір айғағы – блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Бибісара Асаубаева күні кеше Үндістанның бас шаһары – Нью-Делиде ұйымдастырылған шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при жарысында екінші орынға ие болды.
Егемен Қазақстан • 06 Сәуір, 2023
Киелі Түркістанға тағылымды сапар «Бір Аллаға сыйынып, кел, балалар, оқылық!» деп басталатын дала қоңырауын қаққан, білім нұрын шашқан Ыбырай Алтынсарин бабамыздың осы өсиетінің басты жолын білмей өскен кезіміз де болды заманында.
Спорт • 06 Сәуір, 2023
Жыл басында «Астана» велокомандасының жейдесін киген Ұлыбританияның әйгілі велошабандозы, көптеген ірі халықаралық жарыстың жеңімпазы Марк Кавендиш жаңа клубтағы екінші жеңісіне қол жеткізді.