Digital • 04 Сәуір, 2025
Енді көшеде терезесі ашық тұрған, жолды бөгеп қойған немесе басқа да қолайсыздық туғызатын көлікті көрсеңіз, сол сәтте-ақ оның иесіне анонимді хабарлама жолдауға мүмкіндігіңіз бар.
Digital • 04 Сәуір, 2025
Елімізде түрлі салаға серпін әкелетін технологиялық стартаптар көбейіп келеді. Жас кәсіпкерлер жасанды интеллект пен цифрлы шешімдер арқылы қоғамның нақты мәселелерін шешіп, нарықта өз орнын қалыптастырып жатыр. Бұл үрдіс әсіресе білім, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында ерекше байқалады. Мәселен, «Quoku» қосымшасы талапкерлерге жоғары оқу орындарына түсу жолын жеңілдетсе, «Baibolsyn.kz» платформасы фермерлер мен ауыл кәсіпкерлерін қажет мамандармен байланыстырады. Ал «Biny.co» стартабы жүк тасымалдау үдерісін ашық, қауіпсіз әрі тиімді етуге бағытталған.
Байқау • 04 Сәуір, 2025
Кейінгі жылдары кеншілер қаласы инновация және инженерия орталығына айналды. Жақында өткен халықаралық роботтехника фестивалі соның жарқын дәлелі. Болгария, Иран, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдері мен өзіміздің IT өрендер ой жарыстырды.
Шаруашылық • 04 Сәуір, 2025
Агроөнеркәсіпті дамытатын орталық
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған Қазақстан – Ресей озық технологиялар орталығы ашылды.
Энергетика • 04 Сәуір, 2025
Ақтөбе облысында сәуір айынан бастап заңды тұлғалар үшін электр энергиясы бағасының әр кВт үшін 59,27 теңгеге көтерілуі шағын және орта бизнес өкілдерінің наразылығын туғызды. Олар тарифтің жоғарылауы жергілікті кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, электр қуатын көп мөлшерде тұтынатын өнім өндірушілердің қаржылық тұрақтылығына жағымсыз әсер етеді дейді. Алайда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Энергосистема» ЖШС-ның заңды тұлғалар үшін электр энергиясы төлемдерін 50%-ға өсіру туралы ұсынысын мақұлдамай, 13–15%-ға көбейтуге шешім шығарды.