Байқау • 04 Сәуір, 2024
Ұлыс күні Ташкенттен ақжолтай хабар жетті. Қарағандылық жас өнерпаздарымыз Өзбекстан астанасында өткен «Таланты Spring Fest» халықаралық өнер байқауында топ жарып, елге олжалы оралды.
Тұлға • 04 Сәуір, 2024
Қазақ ән әлемін өмір бойы зерттеп-зерделей жүріп, «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді», деп тебіренген Александр Затаевичтің ұлттық музыка өнеріне сіңірген еңбегі өлшеусіз. Мемлекеттік Орталық музейде дарынды композитордың туғанына 155 жыл толуына арналған «Қазақ ұлттық музыкасының майталманы» атты мәдени кеш өтіп, мазмұнды іс-шара «Дала әуенінің ізімен» деп аталған танымдық көрмеге ұласты.
Театр • 04 Сәуір, 2024
Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Халықаралық театр күні мерекесіне орай «Қаллеки тынысы» атты спектакльдер шеруін ұйымдастырған екен. Екі жыл бойы көрермен көзайымына айналған қойылымдар қатарына драматург Қуаныш Жиенбайдың «Патша көңілім, не дейсің?» комедиясы да қосылыпты.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2024
Ақтау қаласында «Mańǵystau Hub» өңірлік технопаркі іске қосылды. Бұл – «Astana Hub» басқаруындағы 13-өңірлік хаб.
Сұхбат • 04 Сәуір, 2024
Гүлсина МЕРҒАЛИЕВА: Өнер өресімен өміршең
Әдетте режиссура тек қана ер адамның төл мамандығындай қабылданады. Себебі сырттай сұлу көрінгенімен, шын мәнінде, бұл саланың салмағы зіл батпан, ал жүктейтін жауапкершілігі одан да зор. Сондықтан болса керек, талабы таудай, талғамы терең өнердің бұл бағытына батылы баратындар көп емес. Ал бағың жанып келдің екен, қатардағы көптің бірі болмай, жанартаудай атқылап сахнада жаңалық жасай алатындар тіптен аз. Осыдан ширек ғасыр бұрын режиссураның табалдырығын имене аттап, ә дегеннен-ақ тың ой, батыл көзқарасымен өнерде төңкеріс жасаған Гүлсина Мерғалиева есімі бүгінде еліміздегі ең үздік режиссерлердің көшін бастайды. Сананы сілкінтер спектакль қойып қана қоймай, бір топ курстасымен келіп сонау Маңғыстаудың маң даласында театр ашып, тыңнан түрен салған Гүлсинаның ерен еңбегін ерлік демеске шараң жоқ. Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында ашылғаннан бері бас режиссер әрі көркемдік жетекші, кейін директоры қызметін абыроймен атқарып, Жантөрин театрын жаңаша жаңғыртқан режиссура реформаторымен өрелі өнер турасында сыр-сұхбат құрған едік.